Редакция таңдауы

«Шымқала кештері» көрерменді шаттыққа бөледі

Әр аптаның сенбі және жексенбі күндері Шымкент қаласының саябақтары мен демалыс орындарында дәстүрлі «Шымқала кештері» атты мәдени шара өтетіні белгілі. Бұл сенбінің кешінде ашық аспан астында ұйымдастырылған мәдени іс-шара Ата Заңның 30 жылдығына арналып, тұрғындар мен қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. 

Осылайша, шымкенттіктер жаздың соңғы күндерінде қаладағы шығармашылық ұжымдардың өнерін тамашалауға тағы бір мүмкіндік алды.

Қаладағы бірнеше мәдениет және өнер ұжымдары көрермендерге арнап арнайы бағдарламаларын ұсынды. «Шым сити» саябағында Шымкент қалалық опера және балет театры өнер көрсетсе, «Арбат» алаңында Шымкент жастар театры өз қойылымын ұсынды. Ал, «Металлургтер» саябағында Қуыршақ театрының әртістері балаларға қызықты қойылымдар көрсетті. «Қазақстан–Түркия достығы» саябағында «Шымкент – Цирк» ұжымы көрерменді ерекше нөмірлерімен тәнті етті. Сондай-ақ, «Абай» саябағында Шымкент қалалық өзбек драма театры сахнаға шығып, халыққа ұлттық нақыштағы қойылымдарын көрсетті.

«Шымқала кештері» жобасы қала тұрғындары үшін дәстүрлі мәдени демалысқа айналып келеді. Бұл бастама отбасылық серуенге жағдай жасап қана қоймай, өнерді дәріптеу мен шығармашылық ұжымдардың әлеуетін танытуға мүмкіндік береді. Жаз мезгілінде әр демалыс күндері жалғасын табатын мәдени жоба шымкенттіктер үшін тұрақты мерекелік дәстүрге айналды.

Г.ТЕМІРХАНҚЫЗЫ

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win