Редакция таңдауы

Жеңімпаз қаламгерлер марапатталды

Шымкентте әдеби-шығармашылық байқау жеңімпаздары марапатталды. Осыдан біраз уақыт бұрын Аmanat партиясы Шымкент қалалық филиалы «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған жас ақындар мен жазушылар арасындағы әдеби-шығармашылық байқау жариялаған болатын.

Байқау қазақ әдебиетінің болашағына бей-жай қарамайтын азаматтардың қолдауымен жүзеге асқан, жас қаламгерлердің шығармашылығына серпін беретін тың бастама болды. Сонымен қатар, бұл іс-шара қазіргі қазақ әдебиетін дамыту, кітап оқу мәдениетін дәріптеу және өңірлерде қалыптасып жатқан талантты қаламгерлердің еңбегін бағалауды мақсат етті.

Биылғы бәйге қазақ руханиятының үш айтулы тұлғасының мерейтойына орайластырылып, үш бағыт бойынша өткізілді. «Поэзия» номинациясы сатирик әрі қоғам қайраткері Көпен Әмірбектің 75 жылдығына, «Проза» аталымы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Мархабат Байғұттың 80 жылдығына арналды. Ал, «Балаларға арналған шығарма» номинациясы балалар әдебиетінің танымал өкілі Төрегелді Байтасовтың 70 жылдығына орайластырылды.

Әдеби додада 18-45 жас аралығындағы 15 үміткер бақ сынады. Қатысушылардан келіп түскен шығармалар 16 маусым мен 16 тамыз аралығында қазылар алқасының қарауына ұсынылып, сараптаудан өтті. Нәтижесінде, үш номинация бойынша озық шыққан авторлар анықталды.

«Проза» аталымы бойынша I орынды «Шымкент келбеті» газетінің қызметкері Эльмира Есхожаева жеңіп алды. II орын Әзімхан Исабекке, ал III орын Жәудір Нартайға бұйырды. «Поэзия» бағытында І орынды Ербек Бакиев, ІІ орынды Сезім Мергенбайқызы, ІІІ орынды Жамал Шалхарбайқызы иеленді. Балалар әдебиеті бойынша I орын Бауыржан Ерманға, II орын Амина Көлбаеваға, III орын Арқалық Әмәлиятұлына табысталды.

Сонымен қатар, байқауға ерекше үлес қосқан қатысушы Амина Қайратқызы Аmanat партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының арнайы жүлдесіне ие болды.

Марапаттау рәсімінде шығармашылыққа жанашыр азаматтар сөз сөйлеп, жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырудың маңызын ерекше атап өтті. Іс-шараға Аmanat партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, жазушы-публицист Момбек Әбдәкімұлы, мәслихат депутаты, «Ұлттық мұра» партиялық жобасының амбассадоры Дария
Қожамжарова қатысты.

Дилара БИМЕНОВА

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win