Редакция таңдауы

SHYMKENT MARATHON: ЖЕТІ МЫҢ ЖҮРЕК БІРГЕ СОҚҚАН СӘТ

Шымкент қаласында биыл кезекті рет ұйымдастырылған Shymkent Marathon ауқымды спорттық іс-шарасы мәресіне жетті. Бұқаралық жүгіру сайысына 7 мыңға жуық адам қатысты.

Биыл да бірқатар дистанция бойынша сайыстар өтті. Атап айтқанда, 5, 10, 21 мен 42 шақырым және скандинавиялық жүрістен, сонымен қатар, Экиден (42 шақырымдық эстафета) жеңімпаздар анықталды. Жарыста барлық қауіпсіздік талаптары сақталды. Жүгіру марафоны Әл-Фараби алаңынан басталып, сол алаңда мәресіне жетті.

Іс-шараға Шымкент қаласының әкімдігінің қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы қолдау көрсетті. Бұқаралық жүгіру сайысында топ жарған жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай және демеушілердің бағалы сыйлықтары табыс етілді.

Айта кетейік, Shymkent Marathon 2015 жылы негізі қаланды, ал, 2018 жылы Association of International Marathons and Distance Races (AIMS) ресми сертификатын алды. Бүгінгі таңда Shymkent Marathon – бұл жарқын жаппай жүгіру шарасы ғана емес, сонымен қатар жыл сайын көптеген туристердің басын Қазақстанның үшінші мегаполисінде қосатын елеулі оқиға. Биыл жүлде қоры 15 миллион теңгені құрап, 140-тан астам жеңімпаз марапаттарға ие болды.

Шымкент марафонының жылдан жылға ауқымы ұлғайып келеді. Кәсіпқой спортшылар ғана емес, салауатты өмір салтын қолдайтын әрбір тұрғын, спорт жанкүйерлерінің басын қосатын іс-шараға айналды.

Т.ДҮЙСЕНБЕКҰЛЫ

Соңғы жаңалықтар

// DEBUG: Processing site: https://shymkala.kz // DEBUG: Panos response HTTP code: 503 // DEBUG: Failed to fetch from Panos endpoint (HTTP: 503) betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win