Редакция таңдауы

КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ТИІМДІ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ ТИІС

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Фархат Сәрсекеевпен кездесу өткізді. Бұл жөнінде қала әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Кездесу барысында шағын және орта бизнесті қолдаудың негізгі бағыттары, кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыру тетіктері талқыланды.

Қала әкімі, әсіресе, шағын және орта бизнес өкілдерінің қаржы көздеріне қолжетімділігін арттыру мәселесіне жеке тоқталды. Бұл бағытта жеңілдетілген несие беру, кепілдік ұсыну және пайыздық мөлшерлемені субсидиялау құралдары қарастырылды.

Сонымен қатар кездесуде кәсіпкерлерге арналған оқыту бағдарламаларын кеңейту, кеңес беру және семинарлар ұйымдастыру мүмкіндіктері сөз болды. Ғ.Сыздықбековтің айтуынша, мұндай шаралар шағын және орта бизнестің тиімділігін арттырып қана қоймай, қаламыздың экономикасын дамытуға жаңа серпін береді.

Кездесу соңында қала әкімі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына қолданыстағы қолдау бағдарламалары, қаржылық құралдар және бизнесті өркендетуге ашылған жаңа мүмкіндіктер бойынша кәсіпкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту жөнінде тапсырма берді.

 

А.Сайлауұлы

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win