Редакция таңдауы

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІК АРТЫП КЕЛЕДІ

Кеше Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы саласындағы ең ірі халықаралық іс-шаралардың бірі AGRITECH TURKESTAN&GROWTECH SHYMKENT-2025 көрмесі өз жұмысын бастады. 

Бұл бастама Мемлекет басшысының 2025 жылғы Жолдауында атап өтілген ауыл шаруашылығын әртараптандыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі міндеттерді орындау мақсатында ұйымдастырылған. Көрменің негізгі мақсаты ауыл шаруашылығы, жылыжай шаруашылығы, өсімдік өсіру, суару жүйелері, бау-бақша және агротехнология салаларындағы заманауи жетістіктер мен инновациялық шешімдерді көрсету, тәжірибе алмасу және отандық пен шетелдік кәсіпорындар арасындағы әріптестікті дамытуға арналды.

Биылғы іс-шараға елімізден бөлек, Түркия, Нидерланд Корольдігі, Қытай, Ресей, Өзбекстан және басқа да елдердің сексеннен астам жетекші компаниялары қатысып отыр. Сонымен қатар көрмеге Анталия сауда-өнеркәсіп палатасы мен оның құрамындағы отыздан астам түрік компаниясының делегациясы арнайы келді.

Көрме аясында «Шаруа–2025» семинар-конференциясы ұйымдастырылып, онда агросекторды дамыту, фермерлерді қолдау, су ресурстарын тиімді пайдалану, экспорттық әлеуетті арттыру және инновациялық технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.

Көрменің ресми ашылу салтанатында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов сөз сөйлеп, іс-шараның стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, мұндай халықаралық іс-шара ауыл шаруашылығы саласындағы жаңа идеялар мен серіктестіктердің бастауы болып отыр. «Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын инновациялау мен технологиялық жаңғыртуды стратегиялық басымдық ретінде айқындады. Бұл бағытта Шымкент қаласында да ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.

Қаламызда екі ірі шетелдік инвестициялық жоба жүзеге асып келеді. Соның бірі  түрік инвесторы «Алсерра KZ» компаниясының жылыжай кешені. Жалпы құны 650 миллион АҚШ долларын құрайтын бұл жоба 500 гектар аумақта салынып жатыр. Бүгінде 40 гектары дайын, ай соңында алғашқы өнім алынуы күтіледі. Екінші жоба – польшалық «Фабре Агро» компаниясына тиесілі 144 гектар аумақтағы жылыжай кешенінің құрылысы. Осындай ауқымды халықаралық көрменің дәл Шымкент қаласында өтуі заңды құбылыс. Бұл көрме жаңа серіктестіктерге жол ашып, өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетін арттырады деп сенеміз», деді ол.

Анталия сауда-өнеркәсіп палатасы директорлар кеңесі төрағасының орынбасары Хакан Пакалин өз сөзінде Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықтың терең байланысын атап өтті. Оның сөзінше, бұл көрме Түркия мен Қазақстан арасындағы достық пен әріптестікті одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды қадам.

Халықаралық көрмеге қатысқан шетелдік және отандық компаниялар заманауи агрохимиялық өнімдерін, тыңайтқыш түрлерін және өсімдіктерді қорғау технологияларын ұсынды. Көрме алаңы агробизнесте тәжірибе алмасу мен жаңа әріптестіктер орнатудың маңызды орталығына айналды.

Көрмеге қатысқан компаниялар ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған инновациялық шешімдерімен, сапалы өнімдерімен және экологиялық тиімді тәсілдерімен ерекшеленді. Мұндай халықаралық алаңдар фермерлер мен өндірушілер арасындағы әріптестікті нығайтып, Қазақстан агроөнеркәсібінің дамуына серпін берері сөзсіз.

 

Жадыра МҮСІЛІМ

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win