Редакция таңдауы

ИРАН ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРІНІҢ III САУДА-ӨНЕРКӘСІПТІК КӨРМЕСІ ӨТТІ

Қаладағы халықаралық Көрме орталығында Иран Ислам Республикасының III сауда-өнеркәсіптік көрмесі өтті. Оған Иран елінің 20-дан астам кәсіпорын өкілдері келген. Негізінен, құрылыс саласы, ауылшаруашылығы, инженерлік-техникалық, сауда және инвестициялық бағыттағы жетекші ирандық компаниялар өз өнімдерін ұсынды. Іс-шара 12-15 қазан күндері аралығына жоспарланған болатын.

Дәстүрлі көрме Шымкент қаласында биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Тауар өндірушілердің дәстүрлі іс-шарасының ашылу рәсіміне Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов, Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әли Акбар Джоукар және тағы басқа қонақтар қатысты.

Қала әкімінің орынбасары көрмені аралап, аталған іс-шара Қазақстан мен Иран арасындағы сауда-экономикалық әріптестікті кеңейтуге, инвестициялық жобаларды ілгерілетуге және жаңа ынтымақтастық мүмкіндіктерін ашуға ықпал еткенін атап өтті.

Көрмеге Иранның сауда палатасы, сондай-ақ, Иран мен Қазақстанның іскерлік қауымдастықтары қатысып, отандық кәсіпкерлермен тікелей әріптестік байланыс орнатты. Қазақстан тарапынан іс-шараға мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар және өңірлік кәсіпкерлер палаталарының өкілдері де шақырылған.

Иран тауар өндірушілерінің көрмесі 2016 жылы да осы халықарлық Көрме орталығында өткізілген еді. Биылғы іс-шарада көпшілік назарына машинамен тоқылған кілемдер, тағам өнімдері (тәттілер, сүт және құрғақ сүт өнімдері), тұрмыстық химия және гигиеналық тауарлар, полимерлі құбырлар мен құрылыс материалдары, болат және алюминий өнімдері, жиһаз, тоқыма және тұрмыстық техника, логистика, транзит және сауда қызметтері, мұнай-газ саласына арналған инженерлік және техникалық жабдықтар ұсынылды. Жалпы айтқанда, бәрі де Иран еліндегі ірі кәсіпорындардың өнімдері.

Шымкент қаласы әкімдігінің мәліметінше, көрме Қазақстан мен Иран арасындағы сауда-экономикалық серіктестікті кеңейтуге, екі ел арасындағы жаңа ынтымақтастық мүмкіндіктерін ашуға бағытталған маңызды іс-шара болды.

Иран – Қазақстанның Таяу Шығыстағы негізгі серіктестерінің бірі. 2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналым 296 миллион долларды құрады. Қазақстаннан Иранға экспорт көлемі 29,1 пайызға өсіп, 100,6 миллион долларға жетті. Қазақстан Иранға негізінен, бидай, арпа, рапс, жүгері сынды дәнді-дақылдар және қой мен сиыр етін сатады.

Сондай-ақ, көрме барысында Шымкент қалалық Кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова, Shymkent Invest – Front Office директоры Дінмұхамед Зиятбеков Хосейн Мастали бастаған ирандық делегациямен кездесу өткізді. Жиында екі тарап мәлімет алмасып, ирандық компания өкілдері өз өнімдерін таныстырды, жергілікті компанияларға инвестиция құюға қызығушылық танытты.

Хосейн Мастали мырза қазақстандық әріптестерін Иранға іскерлік байланыс орнатуға шақырды.

 

Ә.АЙТӨРЕ

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win