Редакция таңдауы

ТҮРІК ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ ЕРКІН КҮРЕСТЕН ТУРНИР ӨТКІЗДІ

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына орай «Ахыска» түрік этномәдени орталығы қоғамдық бірлестігі еркін күрестен турнир өткізді. Абай ауданы, Бозарық шағынауданында ұйымдастырылған спорттық дода ел бірлігін нығайту, салауатты өмір салтын дәріптеу және жас спортшылардың шеберлігін арттыруды мақсат еткен.

Жарыста жасөспірім балуандар 28 келіден 59 келіге дейінгі аралықтағы салмақ дәрежелерінде күш сынасып, шеберлік байқасты.

Іс-шараның ашылу рәсімінде «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Нұркен Әлімқұлов қатысушыларға сәттілік тілеп, спорттық сайыстың маңыздылығына тоқталды.

– Мұндай спорттық іс-шаралар жастардың рухын көтеріп қана қоймай, ел ішіндегі бірлікті, достық пен өзара құрметті нығайта түседі. Қазақстан халқы Ассамблеясының басты қағидаты да – бейбітшілік пен келісім, – деді ол.

Балуандар арасындағы іріктеу және финалдық белдесулер тартысты өтіп, үздік спортшылар анықталды. Шымкент қалалық «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Латипша Асанов, «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Нұркен Әлімқұлов жеңімпаз және жүлдегер балуандарды медальдармен марапаттап, қалған барлық қатысушыларға дипломдар табыс етті.

 

Тағабай ҚАСЫМОВ

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win