Редакция таңдауы

Шымқала кеші ән мен жырға бөленді

25 қазан күні Шымкенттің жүрегі саналатын «Астана» алаңы ерекше мерекелік рухқа бөленді. Республика күніне арналған ауқымды халықтық шара қала тұрғындары мен қонақтарын бір алаңға жинап, елдік пен бірліктің, шаттық пен қуаныштың мерекесіне айналды.

Күн ұясына батқан сәтте алаңдағы мерекелік көңіл күй гала-концертпен жалғасты. Кешкі бағдарламада жергілікті шығармашылық ұжымдармен қатар, елімізге танымал өнер жұлдыздары Yenlik, «Заман» тобы, Ғазизхан Шекербеков, Ұшқын Жамалбек, Әсет Есжан, Мадина Садуақасова және «Жігер» тобы өнер көрсетті.

Ән мен би, шат күлкі мен алаулаған отшашу – барлығы Республика күнін шымкенттіктердің жадында ұмытылмас сәт ретінде қалдырды.

Шымкент қаласы әкімдігі ұйымдастырған бұл мерекелік іс-шараның басты мақсаты – ел егемендігі мен тәуелсіздігін дәріптеу, ұлттық бірлік пен отансүйгіштік құндылықтарды ұлықтау, сондай-ақ халықты ел болашағына сеніммен қарауға үндеу болды.

Кештің көрігін қыздырған ең әсерлі сәт – алаң аспанын нұрға бөлеген отшашу болды. Мыңдаған тұрғын алаңда қол соғып, көздері қуаныш пен мақтанышқа толы күйде тәуелсіздік символындай жарқ еткен от жарығын тамашалады.

Республика күні – тарихымыздағы ең маңызды бетбұрыстың, егемендік туралы Декларацияның қабылданған күнінің символы. Ал Шымкенттегі мерекелік думан осы тарихи күннің мәні мен рухын айшықтап, елдігіміздің тұғырын биіктете түсті.

«Астана» алаңында өткен халықтық мереке – тұрақтылық пен татулықтың, мәдени байлық пен ұлттық рухтың нақты көрінісі болды. Бұл күн – шымкенттіктердің жүрегінде тәуелсіздікке деген мақтаныш пен елге деген сүйіспеншіліктің жаңа лебін оятқан нағыз Республика думанына айналды.

 

С. ЖАМАЛДИНОВА

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win