Редакция таңдауы

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

Мемлекеттік қызметтің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, сондай-ақ, басқа да нормативтік-құқықтық актілер құрайды.

Мемлекеттік қызметші өз өкілеттіктерін адал және кәсіби түрде жүзеге асыруы тиіс. Мемлекеттік қызметкер – бұл мемлекетіміздің бейнесі және айнасы. Ол өз жұмысы арқылы азаматтардың құқығын қорғап, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімді жұмыс істеуіне үлес қосады. Кез-келген жағдайда халықтың, ел азаматтарының сенімін жоғалтпай жұмыс істеуі керек. Мемлекеттік қызметкер деген биік дәрежеге жету және сол дәрежеге кір келтірмеу – әр азаматтың басты міндеті. Осы мақсатта мемлекеттік қызметшілердің негізгі міндеттері айқындалған.

Мемлекеттік қызметкер өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес атқарып, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, олардың өтініштерін заңнамада белгіленген тәртіппен қарауға міндетті. Ол өз лауазымдық міндеттерін тиімді орындау үшін кәсіби деңгейі мен біліктілігін үнемі арттырып отыруы қажет. Мемлекеттік қызметші саяси партиялардан, қоғамдық және діни бірлестіктерден тәуелсіз әрі бейтарап болуға, қызметтік тәртіпті сақтауға және заңмен қорғалатын мемлекеттік, қызметтік немесе жеке құпияны жария етпеуге тиіс. Сонымен қатар, ол азаматтардың жеке өміріне қатысты ақпаратты таратпауға, мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз етіп, оны тек қызметтік мақсатта пайдалануға жауапты. Мемлекеттік қызметкер сыбайлас жемқорлық пен өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алып, мұндай жағдайлар туралы тиісті органдарға хабарлауы тиіс. Сондай-ақ, қызметтік әдеп нормаларын сақтап, мемлекеттік органның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуі маңызды.

Мемлекеттік қызметке қабылданатын тұлға кәсіби, моральдық және құқықтық тұрғыдан жоғары деңгейде болуы қажет. Ол Қазақстан Республикасының азаматы болуы, сотталмаған және сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылықтары болмауы керек. Мемлекеттік қызметке орналасу үшін үміткердің тиісті жоғары немесе техникалық және кәсіптік білімі болуы, уәкілетті орган бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес келуі және конкурстық іріктеуден өтуі міндетті. Қызметке қабылдау үміткердің құжаттарын тексеру, заңнаманы білу деңгейін анықтайтын тестілеу және жеке қасиеттерін бағалайтын әңгімелесу кезеңдерінен тұрады. Осы талаптар мен міндеттерді орындау мемлекеттік қызметтің тиімділігі мен қоғам сенімін қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылады.

Мемлекеттік қызметкер үшін  әдеп нормаларын сақтау – басты мәселе, өйткені ол қызмет барысында тікелей қоғаммен жұмыс жүргізеді және әртүрлі тұлғалармен үнемі байланыста болады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкердің сыртқы бейнесі, киім үлгісі, іс әрекеті, сөйлеу мәнері, ой-пікірі, жеке қасеттері – барлығы да адамға нұқсан келтірмейтіндей қызмет ету керек.

Мемлекеттік қызметші жан-жақты дамыған тұлға болуы тиіс, үнемі салауатты өмір салтын ұстануы және отбасы құндылықтарын насихаттауы қажет. Бұдан басқа, жұмыстан тыс уақытта мемлекеттік қызметші беделін түсіретін және қоғам тарапынан сын мен айыптау тудыратын жағдаяттардан аулақ болуы қажет.

Мемлекеттік қызметшілер адал қызмет атқару арқылы мемлекеттік қызметтің беделін арттырып, халықтың сенімін нығайта алады. Мемлекеттік қызметті нығайтуға, заңдылықтың сақталуына және қоғамның өркендеуіне әрбір мемлекеттік қызметші өзінің үлесін қосуы тиіс.

Мемлекеттік қызмет – тек білімді болуды ғана емес, сонымен қатар адалдық, заңға бағыну, жауапкершілік және адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу қабілетін талап етеді.

 

Нұраят БАҚТАЙБЕК,
Шымкент қаласы бойынша Әділет департаменті
әкімшілік бөлімінің бас маманы

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win