Редакция таңдауы

Мұзда тайып, майып болмаңыз

Әр адам мұзға байланысты әр түрлі төтенше жағдайларға тусуі мүмкін. Қыс мезгілі суығымен ғана қатал емес. Қыс қауіпсіздік ережелерін білмегендерді де қатты жазалайды.

Мұз айдындарында суға кету салдарынан жалпы жаурау,суық тию, жарақат алу соңы қайғылы жағдайларға душар етуі мүмкін. Мұз айдындарында әртүрлі жағдайларда құтқару ережелерін білуі маңызды. Ол үшін мұздың шыдамдылығын тексеріп, ондағы қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.
Қыс мезгіліндегі мұздың қауіпсіз қалыңдығы бір адамға 4-5см, екі адамға 8 см, 5-7 адамға 12-14 см болғаны абзал. Ал, ең қалыңы көкшіл түсті көпіршіксіз мұз болып танылады. Екі есе әлсіз, мөлдір мұз сүт түсті болып келеді. Қар жауғаннан кейінгі мұндай мұз жарылмай, бірден опырылып түседі.
Сізге мұздың үстімен амалсыздан өту керек болса, жүріп келе жатқанда аяқ астында ұсақ тарала жарылған дыбыстар, мұз сықыры естілсе, мұздың жарылу кауіпі бар екенін ескеріңіз.
Қыстың алғашқы жартысындағы және көктемдегі мұз ең сенімсізі. Ол күңгірт сарғыш түсті. Сондай-ақ, күздің соңғы айларындағы қатпаған қар қуыстарына аяқ басуға болмайды, себебі, бұл боран кезіндегі қатып қалған қар тосыннан түсіп кетіп, жарақат алуыңыз мүмкін. Әсіресе, мұз үсіне аяқ басқанда және жағаға шыққанда қауіпсіздік ережелерін сақтап абай болу қажет.
Айдындардағы мұз бір қалыпты емес. Бір қарағанда кейбір жері қалың, кейбір жері жұқа болады. Өзенге түсу және жағаға шығу үшін қардан таза жерлермен жүру керек. Өзеннің бұрымдары және тік жағалауы, қамыс өсіп тұрған жерлер,тасты маңдар, ағашты жерлер, судың ағып құйылып жатқан сағасы жолындағы мұз жұқа және үстімен жүру өте қауіпті.
Топ адам болып мұз үстінде жиналу – өте қауіпті. Ойықтарға, жарылған мұзды жерлерге жақындауға; шанамен,шаңғымен тік жарлы жерлерден өтуге; мұз айдынына қараңғы уақытта шығуға болмайды.

Ж.АДИХАНОВ,
Шымкент қаласы
Еңбекші ауданы ТЖБ офицері, аға лейтенант

Соңғы жаңалықтар