Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан Бюджет қаражаттарын жоспарлаудың негізділігі, бекітілген қаржыландыру жоспарының және бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну Қағидаларына сәйкес экономикалық сыныптама ерекшеліктерінің қимасында есептеулер қоса берілген бюджеттік өтінімнің болуы, сондай-ақ қаржыландыру жоспарына өзгертілер енгізу кезінде нормалардың сақталуы және орындалуы бойынша 2024 жылға ауыл шаруашылығын дамытуға бөлінген бюджет қаражатының жоспарлануы, пайдаланылуы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамаларының сақталуына аудиторлық іс-шара жүргізілді.
Нәтижесінде, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 97-бабы 6-тармағының, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығының 215-тармағының талаптары сақталмай 7 912,8 мың теңгеге қаржы бұзушылыққа жол берілген.
Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік
аудит департаментінің бас маманы:
А.Бердалиев
