Редакция таңдауы

Онлайн бюджеттік мониторинг

Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті  Тәуекелдерді басқару және қаржылық бақылау жүйесін пайдалану арқылы 2025 жылдың онлайн бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша Шымкент қаласы білім басқармасының мемлекеттік арнаулы (коррекциялық) №37 «Айгерім» балабақшасы (психикалық дамуы шектеулі балаларға арналған)  коммуналдық мемлекеттік мекемесінде электрондық аудиторлық іс-шара жүргізілді. Аудитпен қамтылған жалпы сомасы 889,0 мың теңгені құрады.

Аудиторлық іс-шараның нәтижесінде 879,9  мың теңге сомасында бұзушылықтар анықталған, оның ішінде бюджетке өндіруге жататын қаржылық бұзушылық 254,3 мың теңге және рәсімдік сипаттағы бұзушылық 625,6 мың теңгені құрады.

Атап айтқанда, ҚР Еңбек Кодексінің 68 бабының 3 тармақшасының талабы сақталмай, қызметкер 2-бірлікте толық жұмыс жасап жалақы төленіп рәсімдік сипаттаға бұзушылықтар орын алған, сонымен қатар Еңбек кодексінің 139 бабы  10-тармағының талабы сақталмай 203,8 мың теңгеге сауықтыруға арналған жәрдемақы мөлшері лауазымдық айлықақы мөлшерінен асық төленгені және Еңбек Кодексінің 88-бабы және 2022 жылғы 26 сәуірдегі №171 Ұжымдық шарттың 8.13 тармағының талабы сақталмай еңбек демалысына шығуға байланысты өтемақыны 50,5 мың теңгеге негізсіз артық төлем жасағаны анықталды, яғни тәуекелдер расталды.

Департаментпен Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңына сәйкес қабылданған ден қою шаралары нәтижесімен, мекемеде негізсіз төленген 254,3 мың теңге бюджетке толық өндірілді.

Бүгінгі таңда Департамент тарапынан алдын-алу шараларын іске асыру аясында Тәуекелдерді басқару және қаржылық бақылау жүйесінде  онлайн бюджеттік мониторинг жалғасуда.

Шымкент қаласы бойынша ішкі
мемлекеттік аудит департаменті
жоспарлау, талдау, есептілік және
сапаны бақылау бөлімінің
бас маманы-мемлекеттік аудиторы
Перменова Л.А.

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win