Редакция таңдауы

Қос елдің делегациясын қабылдады

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков халықаралық әріптестікті күшейту және сыртқы экономикалық байланыстарды кеңейту мақсатында бірқатар маңызды кездесулер өткізді.

Шаһар басшысы алғашқы келіссөз барысында Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Сильван Гиоге бастаған француз делегациясын қабылдады. Кездесуде экономикалық, агроөнеркәсіптік, су технологиялары, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Ғ.Сыздықбеков Максим Жеренжені Алматыдағы Францияның бас консулы лауазымына тағайындалуымен, ал, Игорь Копайловты Шымкент пен Түркістан облысындағы Францияның Құрметті консулы қызметіне кірісуімен құттықтады. Қала әкімі Құрметті консулдықтың ашылуы өңірдің халықаралық байланысын кеңейтуге бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті.

Сонымен қатар, екіжақты кездесуде Шымкентте жыл сайын өтетін «Божоле Нуво» фестивалін ұйымдастыру, Шымкент–Ницца тікелей әуе бағытын ашу және Ницца мен Марсель қалаларымен бауырлас-қала байланысын орнату бастамалары қаралды.

Бұдан бөлек қала әкімі Үндістан Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Сайлас Тангалмен кездесті. Ғабит Әбдімәжитұлы елшіні жаңа қызметімен құттықтап, екіжақты қатынастың жүйелі түрде дамып келе жатқанын атап өтті.

Кездесу барысында экономикалық және инвестициялық бағыттағы, оның ішінде ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Қаладағы инвестициялық мүмкіндіктер мен инвесторларға көрсетілетін «бір терезе» қағидаты бойынша қолдау механизмдері таныстырылды. Тараптар бірлескен жол картасын әзірлеуге және келесі жылы Шымкентте ірі бизнес-форум өткізуге уағдаласты.

Қала әкімі екі делегацияға да мазмұнды әрі нәтижелі диалог үшін ризашылық білдіріп, келісімдер алдағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға берік негіз болатынына сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win