Редакция таңдауы

Инвестициялық портфельді басқарушы компаниялардың өкілдері салымшылар сауалдарына жауап берді

Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында «БЖЗҚ» АҚ-ның барлық филиалдарында 2024 жылдың 11 және 13 желтоқсан күндері «Инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) инвестициялық стратегиялары. Салымшылар үшін өзекті мәселелерді талқылау» тақырыбы  бойынша Ашық есік күні өткізілді.

2021 жылдың қаңтар айынан бастап БЖЗҚ салымшылары өздерінің зейнетақы жинақтарын жеке инвестициялық компаниялар – ИПБ-лардың сенімгерлік басқаруына беру мүмкіндігіне ие болды. Бастапқыда ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын немесе сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқаннан кейін зейнетақы шотында қалған жинақтарды ғана беруге болатын еді. Алайда, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап инвестициялық мүмкіндіктер кеңейді: енді БЖЗҚ салымшылары өз жинақтарының міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен 50% дейін, ал ерікті жарналарын 100% жеке компаниялардың сенімгерлік басқаруына бере алады.

Кездесу барысында Қор мамандары мен инвестициялық компаниялардың өкілдері ИПБ таңдау кезінде салымшылардың нені білулері керектігін және зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру ережелері туралы баяндап берді.

Бұдан бөлек, БЖЗҚ мамандары тілек білдірген салымшыларға жеке ақыл-кеңестерін берді. Себебі, салымшыларды іс-шара тақырыбы ғана емес, жалпы Қазақстанның зейнетақы жүйесіне қатысты мәселелер де қызықтырады екен.

Онлайн кездесу үлкен қызығушылық тудырып, қатысушылардың пікірлері бойынша пайдалы және нәтижелі болды.

Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша ақыл-кеңесті салымшылар БЖЗҚ филиалдарында да, enpf.kz сайты, мессенджерлер және әлеуметтік желілер арқылы онлайн режимінде де ала алады. Оған қол жеткізу тәсілдері  іс-шарада айтылды.

Соңғы жаңалықтар