Редакция таңдауы

ЗАМАНАУИ СПОРТ БАЗАСЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Бұқаралық спортты дамыту салауатты қоғам қалыптастыруға бастайтын төте жол екені белгілі. Қаншалықты көп адам дене шынықтырумен айналысса, халықтың денсаулығы соншалықты жақсарып, жастар өздерінің бос уақытын тиісді, әрі мән-мағыналы етіп өткізеді. 

Заманауи кешендердің көбеюі бұқаралық спортпен шұғылдануға қолайлы жағдай туғызып қана қоймай, кәсіби спортшылардың да жаңа жетістіктерге жетуіне мүмкіндік береді. Осы мақсатта Шымкент қаласында ірі жобалардың жүзеге асырылып жатқаны қуантады.

Бадам су қоймасының жанында бой көтеріп жатқан жаңа нысан – қаладағы спорт инфрақұрылымын жаңа деңгейге шығаратын маңызды жоба. Қазіргі таңда құрылыстың 60 пайызы аяқталған. Ескек есу базасының аумағында екі заманауи футбол алаңы мен қонақ үй кешенінің құрылысы кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Жаңғырту жұмыстары аясында мұндағы барлық ғимарат толық жөндеуден өтеді, ал инженерлік инфрақұрылым толықтай жаңартылады. Спорт базасындағы екі футбол алаңына табиғи және жасанды көгал төселіп, судағы жаттығу айлағының жағалауы бекітіледі.

Бұл кешен спортшылардың жоғары деңгейде жаттығуына мол мүмкіндік жасап, су спорт түрлері мен командалық ойындардың дамуына жаңа серпін береді. Жаңа база қала тұрғындарының да спортпен айналысуына қолайлы жағдай қалыптастырып, бұқаралық спорттың дамуына үлес қосатын маңызды орталыққа айналмақ.

Т.ДҮСЕНБЕКҰЛЫ

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win