Редакция таңдауы

Шымкент: Жалдамалы баспанаға субсидия беріледі

2022 жылы ҚР Үкіметі тарапынан баспана жағдайын жақсарту шараларының бірі ретінде үйді жалдау ақысын субсидиялау енгізілген. Ереже бойынша жалға алынған тұрғын үй төлемінің 50 пайызы – мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен, ал қалған жартысы қызмет алушылардың есебінен төленеді.

Субсидия алу үшін мемлекеттік қолдаудың 4 санаты бойынша кезекте тұрған қазақстандықтар «Отбасы банк» арқылы өтініш бере алады:

  • * І және ІІ топтағы мүгедектер;
  • * мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • * жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар;
  • * көп балалы отбасылар.

 

Жеңілдікті алу үшін қойылатын талаптар:

  • * Қазақстан Республикасының азаматтығының болуы;
  • * отбасының (азаматтың) соңғы 6 (алты) айдағы жиынтық табысының отбасының әр мүшесіне қоса алғанда ең төмен күнкөріс деңгейінің 1 еселенген мөлшерінен аспауы;
  • * ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес санаттар бойынша баспана кезегінде болуы.

Қағидаға сәйкес, субсидия сомасының 80% – республикалық бюджеттен, 20% жергілікті бюджеттен төленеді.

2025 жылы 4 394 отбасы жалпы сомасы 540 млн теңге субсидиямен қамтылған болатын. Тұрғын үй басқармасы жүргізген мониторинг нәтижесінде 1 191 азаматтың субсидиясы тоқтатылып, 1 053 азаматтың баспана жалдау мерзімі аяқталған. Қазіргі таңда 2150 азамат субсидиямен қамтылуда.

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win