Редакция таңдауы

Жұмыссыздар мәртебені бір жылға қалай алады?

Егер сіз ресми түрде жұмыс істемесеңіз және МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған болсаңыз, мәртебені бір жылға қалай ала аласыз? Бұл сұрақты жолдайтын пацинеттер өте көп. Сондықтан түсіндіріп өтсек.

Бұрын жүйеде «сақтандырылған» мәртебесі соңғы 12 айға жарналар толық төленсе ғана берілетін. Осы кезеңде тіпті бір айға жарна төленбесе, қарыз пайда болып, оны өтеуге тура келетін.

Ал қазір МӘМС туралы заңға енгізілген өзгерістерге (05.09.2022 ж.) сәйкес, өткен жылдың қарызын өтемей-ақ, алдағы бір жылға сақтандырылу мәртебесін алуға болады.

Ол үшін келесі 12 айға жарналарды алдын ала төлеу қажет. Есіңізде болсын: әр ай үшін 4250 теңгеден жеке-жеке төленуі тиіс. Яғни жарнаны бір жолғы сома ретінде төлеу қате болып саналады, сондықтан мәртебе берілмейді.
Сақтандыру мәртебесі сізге дәл осы айда қажет болса, жылдық кезеңді осы айдан бастаңыз.

Жарналарды банк кассалары, мобильді қосымшалар, төлем терминалдары және Қазпошта бөлімшелері арқылы төлеуге болады.

Ұлбала Тилеубергенова,
Шымкент қалалық №6 емхананың
бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win