Редакция таңдауы

БАСПАНАЛЫ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ, МАРХАБАТ!

Отбасы банк Шымкент қаласында жыл сайын дәстүрге айналған екі күндік жылжымайтын мүлік жәрмеңкесін ұйымдастырып, тұрғындар үшін үй таңдаудың ең қолайлы алаңын қалыптастырды. Шарада қаладағы жетекші құрылыс компаниялары өз жобаларын ұсынып, тұрғындарға баспананы бір жерден салыстырып, тиімді ұсыныстарды қарастыруға мүмкіндік берді.

Жәрмеңкеге OKS group, Kanfar building, Отау Group, BI Group, BATSU group, 01 kz building, “Галерея новостроек”, А.Р.Т. – Құрылыс, Pioneer Group, Dis Construction, BKN Group, GBG, Royal Style City,Damdes Kurylys Invest, Altyn Construction, Satu Ordasy, Prime Builder және MD Строй сынды ірі құрылыс компаниялары қатысты. Қонақтар түрлі тұрғын үй кешендерінің орналасуымен, инфрақұрылымымен, шаршы метр бағасы және құрылыс технологияларымен танысып, қажетті нысанды көру туралы, басқа да келісім жасай алады. Сонымен қатар, отбасылық бюджетке ыңғайлы төлем кестесін есептеп, ипотека шарттары бойынша да толық ақпарат алуға мүмкіндік алды.

Ипотекалық өнімдерге сұраныстың артуы банк ұсынып отырған тиімді мөлшерлемелермен байланысты. Бүгінде салымшылар бастапқы жарнаны жинап болғаннан кейін жылдық 3,5 пайыз мөлшерлемемен (ЖТСМ 3,6%–4,4%) немесе 8,5 пайыз (ЖТСМ 9%–9,6%) несие рәсімдей алады. 2025 жылдың басынан бері 60 мыңнан астам тұрғын жаңа депозит ашса, 4 530 отбасы қоныс тойын атап өткен. Бұл көрсеткіш қала халқының қолжетімді тұрғын үй бағдарламаларына деген қызығушылығын білдіреді.

Банк мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыруда да белсенді. Жәрмеңке барысында «Наурыз 2025» және «Наурыз жұмыскер» бағдарламаларына қатысушылар өздеріне лайық пәтер таңдап, танысты. Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімдігімен бірлесіп жүзеге асып жатқан Qamqor өңірлік бағдарламасы аясында биылдың өзінде 403 тұрғын баспаналы болды. Бағдарлама медицина, білім, мәдениет, спорт, ғылыми-зерттеу, журналистика, мемлекеттік қызмет және энергетика саласы өкілдерін қамтиды. Оларға 20 млн теңгеге дейінгі несиені жылдық 5% мөлшерлемемен (ЖТСМ 5,2%) алу мүмкіндігі қарастырылған. Өтінім беру толық цифрландырылып, «Баспана маркет» порталында жүргізіледі.

– Біз мұндай шараларды дәстүрлі түрде өткізіп келеміз. Мақсатымыз – екі күн бойы халыққа тұрғын үйдің нағыз супермаркетін жасап беру. Жақын уақытта үй алғысы келетіндер келіп, көріп, салыстырып, өздері таңдап жатыр. Әр компания жеңілдіктер, сыйлықтар, сертификаттар ұсынады. Қазіргі таңда “Наурыз” бағдарламасы жүріп жатыр, салымшылар төлем мүмкіншіліктерін растап, құжаттарын өткізіп жатыр. Сондықтан бұл жәрмеңке дәл уақытында өтіп отыр деп есептеймін. Қала бойынша 1000 адам қатысып жатыр, олардың 25 пайызы төлем қабілетін растап үлгерді. Комфорт және комфорт+ санатындағы үйлерге сұраныс жоғары. Халық көбіне бітіп тұрған, толық әрлеудегі үйлерді алғысы келеді. Ол да болса халықтың қаржыны үнемдегісі, тиімділікті таңдайтынын көрсетеді, — дейді Отбасы банк Шымкент қалалық филиалының директоры Дәурен Саудабаев.

Шымкенттегі бұл жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі тұрғындардың өз баспанасын таңдауда шешім қабылдауын жеңілдетіп қана қоймай, құрылыс саласының ашықтығын арттырып, тиімді ипотекалық мүмкіндіктерді халыққа кеңінен таныстыруға бағытталған маңызды алаңға айналып отыр.

С.ТҰРҒАНТАЙҚЫЗЫ

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win