Редакция таңдауы

БАЛУАНДАРҒА БАП КЕРЕК

Алматы қаласында өткен күрес түрлерінен ересектер арасында кезекті Қазақстан Республикасының чемпионаты жаңа есімдерді танытты. Рас, бұл бәсекенің маңызы ерекше. Келесі жылы Жазғы Азия ойындары, әлем чемпионаты сынды жауапты жарыстар бар. Еліміздің балуандарын осы сындарға қазірден бастап іріктеп, тыңғылықты дайындық жүргізу назарда тұр. Аталған додаларға Шымкент қаласының спортшылары да бақ сынамақ.

Өткен Азия ойындарында жерлестеріміз 1 күміс, 1 қола жүлдеге ие болған еді. Әлем чемпионатының жүлдегері Мейіржан Шермаханбет финалға шықса, Азия чемпионы
Әлімхан Сыздықов үшінші орынға иелік еткен. Одан бері жерлестеріміз тәжірибесін арттырып, жастар арасынан да дарынды балуандар көзге ілінді.

Келесі жылы да өңір балуандарына зор сенім артылып отыр. Сонымен, жауапкершілігі жоғары ел чемпионатында қаланың грек-рим күресі өкілдері 1 алтын, 1 күміс, 3 қола жүлдемен командалық есепте 2-ші орын алды. Алматы облысы үздік шықса, Жетісу облысы үшінші орынды түйіндеген. Бұл жолы жастар жарқырай көрінді. Аса ауыр салмақта белдескен Жохар Узаров қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанды. Финалда ол екі рет Олимпиада ойындарына қатысқан жамбылдық Әлішер Ерғалиден басым түсті. Ал, Әлімхан Сыздықов бұл жолы қола жүлдені қоржынға салды.

Тәжірибелі балуан, техникалық арсеналы жоғары Мейіржан Шермаханбет (67 келі) финалға шыққанда оның жеңімпаз боларына ешкімнің күмәні қалмаған. Әттеген-айы, финалдық белдесуде жағдай күрт өзгеріп сала берді. 23 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионы Бағдат Сабаз ұрымтал сәтте ұпай еншілеп, жеңісті еншісіне жазып кетті. Иә, күрес сарапшылары жерлесіміздің тактикалық тұрғыда қателік жібергенін айтуда.

Дегенмен, биылғы ел чемпионатында Шермаханбет күміс жүлде алса да, ұлттық құрамада өз орны бар балуан. Егер бапкерлер құрамы тағы бір рет мүмкіндік берсе, Азия ойындарында өз нәтижесін жақсартып, барын салады деп сенеміз.

Қоржынға қола жүлде салған Ерасыл Мұсан (55 келі) мен Омар Дүйсенбек (82 келі) жастар санатынан. Ересектер дуына алғаш рет қосылып отырған дарынды спортшылар. О.Дүйсенбек елімізге белгілі бірқатар қарсыласынан айласын асыра білгенін айта кеткен жөн. Биыл ғана жастар арасында Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болған еді. Ерасыл да жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының жүлдегері. Олардың келесі чемпионаттарда бұдан да жоғары жетістіктерге жетеріне сенім мол.

Ал, әйелдер күресінен 68 келі салмақта Бейбіт Сейдуалы (68 келі) күміс жүлдеге қол жеткізді. Өкінішке қарай, еркін күрес өкілдеріне бұл жолы бірде бір жүлде бұйырмады.

Шымкент қаласының балуандары жыл сайын жеңісті жолды жалғастырып келеді. Айталық, грек-рим күресі құрамасы 2025 жылды жақсы жетістіктермен аяқтап отыр. Жыл басында Омар Сатаев пен Әлімхан Сыздықов ересектер арасында Азия чемпионатынан күміс жүлдемен оралды.

Қазіргі таңда дарынды жастар да біршоғыр. Биылғы жасөспірімдер арасындағы құрлық чемпионатында Досбол Шәміл (65 келі) алтын, Әділет Тойшы (92 келі) күміс жүлде иеленді. Жастар арасындағы құрлық чемпионатында Ерасыл Мұсан (55 келі), Омар Дүйсенбек (77 келі) қола жүлде, 23 жасқа дейінгілер арасында Жохар Узаров күміс жүлдеге ие болған еді.

Әлемдік сайыстан да екі жүлде нәсіп болды. Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Досбол Шәміл (65 келі), 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатында Омар Сатаев (82 келі) үшінші орынды жеңіп алды.

2026 жылдың 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Нагоя қаласында ХХ Жазғы Азия ойындары өтпек. Оған еліміздің балуандары да жоспарлы түрде дайындық жүргізуде. Кешенді жарысқа қатысатын Шымкент қаласынан да үміткер балуандар бар. Грек-рим күресінен әлем чемпионатының жүлдегері Мейіржан Шермаханбет, Азия чемпионы Әлімхан Сыздықов, биылғы ел чемпоны Жохар Узаровқа үміт артамыз.

Иә, жүйелі жұмыс болған жерде жетістік бар. Жылды қорытындылайтын сәт те келді. Биылғы маусымда шаһардың грек-рим, еркін және әйелдер күресі өкілдері бірқатар жауапты және іріктеу сайыстарына қатысты. Келесі жылғы басты бәсеке – Жазғы Азия ойындары. Біз спортшыларға сәттілік тілейміз.

Айта кетсек, қала спортшылары 2028 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына бар күш-жігерін салып, дайындық жүргізуде. Бүгінгі таңда Азия ойындарының лицензиясын жеңіп алуға 26 үміткер, Олимпиада ойындарының лицензиясына 10 үміткер жоспарға бекітілген.

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win