Редакция таңдауы

ИНФЛЯЦИЯНЫ ТЕЖЕУ МАҚСАТЫНДА ТАРИФТЕР ТӨМЕНДЕТІЛДІ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен аппарат отырысы өтті. Кеңес барысында Тәуелсіздік күнінде қоғамдық тәртіпті және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары туралы баяндамалар тыңдалды.

Сондай-ақ, Табиғи монополияларды реттеу комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің 2025 жылғы жұмысының нәтижелері және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттауына жол бермеу бағытында қабылданып жатқан шаралар қаралды.

Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы
Қуанар Базарбаев жаңа жылдық мерекелер кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған ведомствоаралық жоспардың бекітілгенін хабарлады. Жоспар аясында «Газ баллоны», «Қауіпсіз Жаңа жыл» және «Пиротехника» сияқты алдын алу акциялары қамтылған.

Желтоқсан айында газ баллон жабдықтары орнатылған автокөліктерді тексеру бойынша рейдтер жүргізіліп, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы түсіндірілді, мектептерге, медициналық және әлеуметтік мекемелерге ерекше көңіл бөлініп отыр. Сонымен қатар, желтоқсан айында пиротехника бұйымдарын сату және пайдалану талаптарының сақталуын бақылау мақсатында сауда және ойын-сауық нысандарында қосымша тексерулер жоспарланған. Жаңа жылдық іс-шаралар өтетін алаңдарда өрт сөндіру техникасы мен ТЖД қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылады.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің басшысы Кенжеболат Көшекбаевтың айтуынша, 2025 жылы Шымкент қаласында 75 қызмет түрі бойынша 55 табиғи монополия субъектісі жұмыс істейді. Бес базалық кәсіпорын бес жылдық тарифтер негізінде қызмет көрсетуде.

Сонымен бірге, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және газбен жабдықтау салаларында жалпы сомасы 6,8 млрд теңгеден асатын инвестициялық бағдарламалар бекітілді. Коммуналдық және энергетикалық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысы 14-31 пайызға көтерілді.

Инфляцияны тежеу мақсатында тұрғындарға арналған тарифтер арзандады. Нақты айтсақ, 2026 жылдың қаңтарынан бастап жылудың тарифі – 6 пайызға, су – 5 пайызға, газ – 14,6 пайызға төмендетіледі. Жоспардан тыс бес тексеру жүргізіліп, 66 әкімшілік іс қозғалды, айыппұлдардың жалпы сомасы 367,7 млн теңгеден асты. Қаланың үш кәсіпорны энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаға қатысуға өтінім берді.

Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Талғат Мекенбаев мерекелік кезеңде азық-түлікке сұраныс дәстүрлі түрде артатынын атап өтіп, осыған байланысты баға тұрақтылығына және инфляцияның алдын алуға ерекше бақылау жүргізілетінін жеткізді.

Бұл бағытта ірі сауда желілері мен өндірушілермен келісімшарттар жасалып, 58 негізгі өнім мен 19 әлеуметтік маңызы бар тауардың бағасына күнделікті мониторинг жүргізілуде. Сонымен қатар, көршілес облыстардың өндірушілері қатысатын апталық ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылуда. Сондай-ақ, 100-ден астам компаниямен негізсіз баға өсіміне жол бермеу туралы меморандумға қол қойылды. Бұл шаралар кешені мерекелік кезеңде азық-түлік бағасының қолжетімділігін қамтамасыз етуге және бағаның күрт өсуінің алдын алуға бағытталған.

Кеңес қорытындысы бойынша қала әкімі адамдар көп жиналатын нысандарда өрт қауіпсіздігін бақылауды күшейтуді, сондай-ақ, қалалық газ-техникалық инспекцияның газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылау бойынша жұмысын күшейтуді тапсырды. Мегаполис басшысы, сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына мониторингті жалғастырудың маңыздылығына назар аударды.

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win