Редакция таңдауы

ҚАЛАНЫҢ ДАМУ ЖОСПАРЫ БЕКІТІЛДІ

Сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті отыз бірінші сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібінде жалпы 18 мәселе қаралды.

Алдымен 2026-2028 жылдарға арналған қала бюджеті мәселесі қозғалды. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Есқараев 2026 жылға бюджет көлемі 818 млрд. теңгені құрағанын, оның ішінде өзіндік кірістер – 622 млрд теңге екенін атап өтті. Бұл көрсеткіш 2025 жылмен салыстырғанда 123 млрд теңгеге немесе 25 пайызға жоғары.  Бюджет жобасы бұған дейін мәслихаттың тұрақты комиссияларында, Қоғамдық кеңесте жан-жақты қаралған.

Мәслихат депутаттары аталған мәселе бойынша қолдап, дауыс берді.

Бюджетті қалыптастыру кезінде ең алдымен жалақы, міндетті төлемдер және әлеуметтік сала шығыны қамтамасыз етілді. Әлеуметтік салаға 438 млрд теңге немесе бюджет көлемінің 54 %-ы бағытталады. Сонымен қатар, қала дамуын қамтамасыз ететін өзекті міндеттерді шешуге басымдық берілді.

Жиын барысында 2021-2025 жылдарға арналған қаланың даму жоспарының орындалу мәселесі талқыға түсті. Жалпы, жоспарға сәйкес, барлық бағыттарда тиісті жұмыстар атқарылған. Депутаттар 2021-2025 жылдарға арналған Қаланың даму жоспарының жүзеге асырылуы туралы есепті тыңдап, жаңа стратегиялық құжат – Шымкенттің 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекітті. Алдағы бес жылда 6,6 трлн теңге инвестиция тарту, 5,7 млн шаршы метр үй салу және өнеркәсіп өндірісінің көлемін 1,4 есеге арттыру жоспарланып отыр.

Ерлан Бастарұлы ендігі ретте қаланың 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарында  18 ұлттық индикатор, 75 нәтижелік көрсеткіш белгіленгенін айтты. Бұл – өте ауқымды жоспар. Атап айтқанда, инвестиция тарту, индустриалдық аймақтарды дамыту, инфрақұрылым, әлеуметтік салаларда бірқатар жоспарлар іске аспақ.

Сонымен қатар, тегін дәрілік препараттар тізіміне үш нозология бойынша медикаменттері енгізілді. Баспана көмегін көрсету және тұрғын үй сертификаттарын беру қағидалары қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкестендірілді. Қаланың тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы бекітілді.

Сессия барысында депутаттар мәслихаттың тұрақты комиссиялары төрағаларының есептерін тыңдап, мәслихат аппараты мен Ревизиялық комиссия туралы ережелерді бекітті.

Жиын соңында қала әкімі Ғ.Сыздықбеков қабылданған шешімдердің маңыздылығын атап өтіп, мегаполистің тұрақты дамуына бағытталған бастамаларды қолдағаны үшін депутаттарға алғыс айтты. Қаланың инфрақұрылымын жақсарту және халықтың өмір сапасын арттыру бойынша жүйелі жұмыс жалғасын табады.

 

Тағабай ҚАСЫМОВ

 

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win