Редакция таңдауы

ЖАС САЙЛАУШЫЛАР КЛУБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІНЕ ОҚУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Тәуелсіз әрі демократиялық қоғам құру жолындағы ең маңызды тетіктердің бірі – сайлау институты. Сайлау арқылы халық өз еркін білдіріп, елдің саяси бағытын айқындайтын өкілдерді таңдауға мүмкіндік алады. Сондықтан сайлау заңнамасын насихаттау және азаматтардың сайлауға саналы түрде қатысуының маңызын түсіндіру – мемлекет пен қоғам үшін аса өзекті міндеттердің бірі. Құқықтық мемлекет қағидаттары орныққан қоғамда әрбір азамат өз құқықтары мен міндеттерін, соның ішінде сайлау құқығын толық білуі және оны тиімді пайдалана алуы тиіс.

Сайлау заңнамасы – сайлау процесінің ашықтығын, әділдігін және заңдылығын қамтамасыз ететін құқықтық негіз. Бұл заңнаманы кеңінен түсіндіру азаматтардың сайлау тәртібін, дауыс беру рәсімін, кандидаттар мен сайлау органдарының өкілеттіктерін дұрыс ұғынуына мүмкіндік береді. Заң талаптарын білмеу немесе түсінбеу сайлау процесіне деген сенімнің төмендеуіне, азаматтардың саяси белсенділігінің әлсіреуіне әкелуі мүмкін. Сол себепті сайлау заңнамасын жүйелі түрде насихаттау – қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттырудың маңызды құралы.

Азаматтардың сайлауға қатысуы – олардың ел басқару ісіне тікелей араласуының көрінісі. Әрбір берілген дауыс мемлекеттің болашағына ықпал ететін маңызды шешімдердің қабылдануына әсер етеді. Сайлауға қатысу арқылы азамат өз азаматтық жауапкершілігін сезініп қана қоймай, демократиялық құндылықтарды нығайтуға үлес қосады. Бұл тұрғыда сайлауға қатысудың маңызын жан-жақты түсіндіру, әсіресе жастар арасында саяси сауаттылықты арттыру, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру аса маңызды.

Сайлау заңнамасын насихаттау мен сайлауға қатысудың маңызын түсіндіруге арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қоғамның тұрақты дамуына, билік пен халық арасындағы сенімді нығайтуға қызмет етеді. Мұндай жұмыстар азаматтардың құқықтық санасын көтеріп, әділ әрі ашық сайлау өткізуге негіз қалайды. Демек, сайлау мәдениетін қалыптастыру – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.

Осы орайда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының бастамасымен республика көлемінде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның бірі ретінде өңірлерде «Жас сайлаушылар» клубы құрылып, жұмыс істеп жатқанын айтуға болады. Жақында Шымкент қаласы Қаратау ауданында Жас сайлаушылар клубының мүшелерімен сайлау заңнамасын насихаттау мен сайлауға қатысудың маңызын түсіндіруге арналған оқу семинары өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты — жастардың сайлау заңнамасы саласындағы құқықтық сауаттылығын арттыру және сайлау процесіне заң талаптарына сай саналы қатысу мәдениетін қалыптастыру.

Семинар барысында Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңының негізгі талаптары, сайлау органдарының жүйесі мен өкілеттіктері және міндеттері туралы түсіндірілді.

Сонымен қатар, семинар барысында сайлау заңнамасын сақтау — әділ әрі ашық сайлаудың негізгі кепілі екені атап өтілді. Заң талаптарының сақталмауы азаматтардың сайлау құқықтарына нұқсан келтіріп қана қоймай, сайлау процесіне деген қоғамдық сенімге кері әсерін тигізетіні айтылды. Сондай-ақ жас сайлаушылар клубының атқаратын рөлі сайлауда сайлау комиссияларының көмекшілері екендігі баса айтылды.

Іс-шара барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Мұндай оқу семинарлары жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және азаматтық жауапкершілікті арттыруға ықпал ететіні ерекше атап өтілді.

Жас сайлаушылар клубы алдағы уақытта сайлау кезінде жас сайлаушылар арасында азаматтық белсенділігін арттыру бағытындағы іс-шараларды жүйелі түрде жалғастыруды жоспарлап отыр.

 

Қаратау аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win