Редакция таңдауы

ҚОҒАМ МҮДДЕСІН ӨЗ ҚАМЫНАН БИІК ҚОЙСА…

Бүгінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен оның аумақтық департаменттері бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының бұзылуына жол бермеуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды жүргізуге басымдық беріп отыр.

Профилактикалық жұмыстар, ең алдымен, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын және қызметтік әдеп нормаларын түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу арқылы жүзеге асырылуда. Осы орайда, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілер үшін тұрақты түрде әдістемелік-тәжірибелік семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер, диалогтық алаңдар, семинар кеңестер ұйымдастырып келеді.

Атап айтқанда, 2025 жылдың 9 айында департамент тарапынан «Қызметтік әдеп бұзушылықтардың алдын алудың және тәртіптік шараларды қолданудың кейбір мәселелері», «Іскерлік этикет пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау», «Мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтау мәселелері», «Ойын мекемелеріне барудан бас тарту, сондай-ақ діни нанымдарын таңуға, қарамағындағыларды діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелері», «Мемлекеттік қызметте кемсітушілік пен қызметтік теңдікті бұзудың алдын алу мәселелері», «Әдеп жөніндегі уәкілдердің атқарған қызметіне жүргізілген талдау қорытындылары», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарын және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселері» тақырыптарында түсіндірме семинар тренингтер, дөңгелек үстелдер, диалогтық алаңдар, семинар кеңестер, қарым-қатынас дағдылары бойынша мастер-класс және еріктілер күніне орай арнайы іс-шаралар өткізілді. Өткізіліп отырған тақырыптар бойынша бұзушылықтар санының азаюы атқарылып отырған жұмыстардың нәтижелі екендігін аңғартады.

Бұдан бөлек департамент тарапынан жүргізіліп жатқан талдау, тексеру және мониторинг жұмыстары азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғауда өзінің оң нәтижесін беріп отыр. Мәселен, ағымдағы жылдың 9 айының өзінде мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша жүргізілген талдау қорытындыларына сәйкес 132 бұзушылық жойылды, 62 мемлекеттік қызметшінің құқығы қалпына келтірілді. Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижесі бойынша 153 бұзушылық жойылды, тексеру қорытындыларымен 27 қызметшінің құқығы қорғалды. Жұмыс уақыты режимінің сақталуына жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижесінде 130 бұзушылық анықталды, жалпы 130 мемлекеттік қызметшінің құқығы қалпына келтіріліп, оларға тынығу уақыттары берілді.

Әрбір мемлекеттік қызметші өз іс-әрекеті және мінез-құлқымен адалдықты жеке пайдадан жоғары қоюға міндетті. Өз басының қара қамын ғана ойламай, әрдайым елдік мұратты биік қоя білу, елге адал қызмет ету мемлекеттік қызметшілердің бойынан табылуы тиіс негізгі қасиеттердің бірі. Осы орайда, мемлекеттік қызметшілердің өз еріктерімен қоғамдық іс-шараларға белсене қатысуы көңіл қуантады.

2023 жылдан бастап Департамент жанынан құрылған «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органы жұмыс жасайды. Кеңестің мақсаты, мемлекеттік қызметшілер мен жастардың, студенттер мен оқушылардың ерікті қызметке қатысуын кеңейту, оларға белсенді өмірлік ұстаным дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Бүгінгі күні, еріктілермен «23 Наурыз – Тазару күні», «Экологиялық мәдениетті қалыптастырамыз», «Тегін заң көмегі күні», «Тазалық күні», «Балаларға арналған игі іс», «Өзгеге өмір сыйла», «Бар мейіріміміз балаларға», «Қайырымдылық — жүректен», «Мәдени мұра», «Еріктілердің игі бастамалары-қоғам үшін пайдалы» атты акциялары өткізілді.

Департаментпен жүзеге асырылып жатқан бұзушылықтарды болдырмауға, оларды алдын — алуға, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, азаматтық жауапкершілігін көтеруге бағытталған мағыналас профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

 

Данияр ЖАНЫСБЕК,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Шымкент қаласы бойыншадепартаменті басшысының орынбасары

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win