Онкологиялық орталығы бар көпбейінді ауруханада асқазан, бауыр және ұйқы безі қатерлі ісіктерінің алдын алу мақсатында Ашық есік күні өткізілді. Іс-шараға онкохирург, онкогепатолог, УДЗ дәрігерлері, эндоскопистер, цито-гистология мамандары қатысты.

Келушілер тексерулерден өтіп, арнайы тегін кеңестер алды. Ашық есік күні аясында қаралған тұрғындардың жалпы саны 48,оның ішінде қатерлі ісікке күмән 3 пациенттен анықталды, басқа да ауру түрлері 24-нен анықталды. Қатерлі ісікке күмәнді пациенттерге аурухана жағдайында толық тексеру жүргізіледі, ал қалған келушілерден басқа да ауру белгілері анықталған.
Пациентер медициналық санитарлық алғашқы көмек деңгейіндегі жергілікті медициналық мекемелерге жіберілді. Ал ультрадыбыстық зерттеуден- 15, эндоскопиялық ФГДС зерттеу – 1 пациентке жасалды және цитогистологияға жіберілді.
Бұл бағыттағы кешенді шаралар азаматтардың денсаулығына деген жауапкершілікті арттырады. Профилактикалық, скринингтік және 65 жастан жоғары жастағыларды тексерулерді жүзеге асыру шаралары мақсатты индикаторларды жақсартып қана қоймай, қатерлі ісіктердің алдын алып, өлім-жітім жағдайларын азайтады және науқастардың өмір сүруін арттыруда маңызы зор.
