Шымкент қалалық онкологиялық орталығы бар көпбейінді аурухана базасында Қазақтың Онкология және Радиология ғылыми-зерттеу институтының мамандары — онкогинекология орталығының жетекшісі, медицина ғылымдарының кандидаты Ерлан Қайырлыұлы Кукубасов және торако-абдоминальды онкология орталығының жетекшісі, медицина ғылымдарының кандидаты Ақжол Қабдоллаұлы Дүйсембаев — 2025 жылғы 11–12 желтоқсан күндері мастер-класс өткізді.
Оқу барысында онкогинекология бағытында 4 науқасқа тіліксіз (малоинвазивті) ота жасалды. Сондай-ақ торако-абдоминальды онкология бойынша бауыр обыры анықталған бір науқасқа бауырдың бір бөлігін кесіп алу (резекция) отасы сәтті орындалды.
Мастер-класс аймақ онкологтарының кәсіби дағдыларын дамытып, күрделі онкологиялық ауруларды заманауи әдістермен емдеуге мүмкіндік берді.
ШК-ақпарат
