Редакция таңдауы

АЛЫП ШАҺАРДЫҢ, ШЕЖІРЕСІН ЖАСАҒАН БАСЫЛЫМ

Құрметті әріптестер!

Сіздерді «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттерінің жарыққа шыққанына 35 жыл толуымен құттықтаймын!

Осы жылдар ішінде қос басылым алып шаһардың жылнамасын түзіп қана қоймай, еліміздің қоғамдық-саяси, мәдени-рухани өмірінің шежіресін жасады. Қоғамның барлық саласындағы түйткілді тақырыптарына арқау етіп, өзекті мәселелердің түйінін тарқатуға септігін тигізіп, қалың оқырманның ықыласына бөленді.

Газет редакциялары отандық ақпарат кеңістігінде жемісті еңбек етіп жүрген талай журналистің қаламын ұштап, өз мектебін қалыптастырды. Бүгінде қос басылымнан түлеп ұшқан көптеген әріптесіміз ел журналистикасын дамытуға атсалысып жүр.

Шығармашылық ұжым алдағы уақытта да осы игі дәстүрден жаңылмай, өз жолын жалғастыра береді деп сенемін.

Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін!

Отбасыларыңызға бақ-береке, шығармашылық табыс тілеймін!

 

Руслан ЖЕЛДІБАЙ,
Қазақстан Республикасы
Президентінің
көмекшісі –Баспасөз хатшысы

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win