Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен жергілікті креативті индустрия кәсіпкерлеріне арналған кезекті жәрмеңке өтті. Креативті индустрия бүгінде жаһандық экономиканың маңызды саласына айналып отыр. Қаламызда бұл бағытты дамытуға ерекше назар аударылуда.
«Shymkent City Mall» сауда ойын-сауық орталығында өткізілген жәрмеңкеге 20-дан астам кәсіпкер қатысып, тұрғындар мен қонақтарға қолмен жасалған ерекше туындыларын ұсынды.
Дәстүрге айналған іс-шара жергілікті өнімдерге халықтың қызығушылығын оятып, сұранысын арттыруға, жаңа клиенттер мен серіктестер табуға мүмкіндік беруде.
Бұл, өз кезегінде креативті туындылардың танымалдылығын арттырып, үлкен нарыққа шығуына және қала экономикасының әртараптануына оң әсер етеді.
Сонымен қатар, мұндай іс-шаралар шығармашылық саланың әлеуетін арттырып, жастардың осы бағытта кәсіпкерлікпен айналысуына ықпал етеді. Жәрмеңкелердің тұрақты түрде өткізілуі Шымкенттің шығармашылық қауымдастығын халықаралық деңгейде танытуға да мүмкіндік береді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі