Редакция таңдауы

Абай ауданында атқарылған істер ауқымды

Әр аудан қала келбетінің бір бөлшегі ғана емес, оның тұтас дамуының қозғаушы күші. Сондықтан ауданның жүйелі жұмысы мен тұрақты дамуы – қаланың өркендеуінің негізгі тіректерінің бірі. Абай ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша есебін елеп, жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың көлемі мен бағыттарын талқыласақ. Аудан соңғы жылдары қарқынды дамып, инфрақұрылымдық жобалар мен тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.

Абай ауданы 27 елді мекенді қамтиды. Мұнда 55 159 жеке үй, 255 көпқабатты тұрғын үй орналасқан, халық саны – 257,7 мың адам. Ауданда 1274 көше және 230 әлеуметтік нысан бар. Тұрғындардың ауыз сумен және электр қуатымен қамтылуы 100 пайызға жеткен. Биыл ақпан айында «Ынтымақ-2» шағын ауданы мен «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын алабы табиғи газ жүйесіне қосылып, аудан бойынша газбен қамту деңгейі толық 100 пайызға жетті. Дегенмен, кейбір жаңақұрылыс аумақтарында инфрақұрылым әлі жетіспейді. Жиделі шағын ауданында – 15 үй, Ақжайықта – 30 үй, Нұршуақта – 200 үй газға қосылмаған. Бұл аймақтарға газ жүйесін тарту үшін Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы жобалау-сметалық құжаттама әзірлеп жатыр. Құжаттама дайындалған соң құрылыс жұмыстарына бюджеттен қаржы қарастырылатын болады. Бұл бастама ауданның экологиялық жағдайын жақсартып, барлық тұрғынды табиғи газға қосуға мүмкіндік береді.

Ауданда 1274 көшенің жалпы ұзындығы 1080 шақырымды құрайды. Оның 844 көшесі асфальтталған, 430 көшеге тас төселген. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы аудан аумағындағы барлық тас жолдарды толықтай асфальттау жоспарланған. Осы жоспар бойынша жыл басынан бері 148 көшеге асфальт төселді. Жоспар толық орындалса, аудан көшелерінің 100 пайызы асфальтталады. Бұл тұрғындар үшін сапалы жол қатынасын қамтамасыз етіп, қозғалыс қауіпсіздігін арттырады. Аудан аумағындағы 255 көпқабатты тұрғын үйдің 104-і автономды жылыту жүйесімен қамтылған, 24 үй жеке қазандыққа қосылған, ал 127 үй орталықтандырылған жылу жүйесіне тәуелді. Аудан әкімі Шәкір Сұлтанханның айтуынша «ҚуатЖылуОрталық» мекемесі арқылы орталық жылытуға қосылған үйлердің барлығына қысыммен сығымдау жұмыстары толық жүргізілген. Сонымен қатар, 32 мектеп, 9 балабақша және 13 медициналық ұйымның жылу маусымына дайындығын жеткізді.

2024 жылға дейін Абай ауданында жарықтандырылған көшелердің үлесі бар болғаны 15,1 пайызды құраған. Қала әкімінің тапсырмасынан кейін жүргізілген ауқымды жұмыстың нәтижесінде бүгінде 954 көше жарықтандырылып, көрсеткіш бірнеше есе артты. Жыл соңына дейін жарықтандыру деңгейі 100 пайызға жеткізілмек екен.

«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 1 млрд 990 млн теңге қаралып, 16 ойын алаңы, 3 спорт алаңы, 5 гүлзар салынды. Сонымен қатар, 34 мың шаршы метр көлемінде 50 көшеге аяқ жол салу жұмыстары жүргізілді. Бұл тұрғындардың қауіпсіз және қолайлы жаяу жүру ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.

Көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары да ерекше назарда. Аудан аумағында 5 жаңа гүлзар салу жоспары іске асырылып жатыр. «Қызылжар» және «Нұршуақ» шағын аудандарындағы гүлзарлар толық аяқталса, қалған нысандарда құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр. Сонымен бірге «Асар» шағын ауданындағы тозығы жеткен 4 гүлзар қайта жөнделіп жатыр екен. Темірлан тас жолы, Бақбаев, Түркістан және Терминал көшелеріне декоративті жарық шамдарын орнату жұмыстары басталды.

Жаяу жүргіншілерге қолайлы орта қалыптастыру мақсатында мердігер компаниялар 34 мың шаршы метр аяқ жол төсеу жұмысын аяқтады. Аудан әкімінің айтуынша, абаттандыру жұмыстарына тартылған мекемелер бюджет қаражатын үнемдей отырып, жұмыстарды сапалы орындауда.

Ауданның тазалығы қала келбеті. «Таза-Қазақстан» акциясы аясында жыл басынан бері 37 рет сенбілік шаралары ұйымдастырылып, оған 30 мыңнан астам тұрғын, кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер, еріктілер қатысып, тазалық жұмыстары тұрақты атқарылып келеді.

Нақтырақ айтар болсақ, балалардың қауіпсіздігі мен ойын алаңдарының жай-күйі де назардан тыс қалған жоқ. Аудандағы 107 ауладағы тозығы жеткен 63 ойын алаңшасының 45-і толық жаңартылды. Бұл балаларға қауіпсіз әрі заманауи орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Тұрғындардың жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында Ақниет, Самал-3, Самал-2, Қызылжар, Шымсити шағын аудандарында және Әл-Фараби көшесі бойында арықтардың жиектеріне қоршау орнату, көпір салу және аяқ жолдарды ретке келтіру жұмыстары атқарылды. Қоршау орнату және инфрақұрылымды жақсарту бойынша жыл басынан бері 50-ден астам нысанда жұмыс жүргізілді.

Жалпы алғанда, Абай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Инфрақұрылымның жаңаруы, жолдардың жөнделуі, жарықтандырудың кеңеюі, балаларға арналған қауіпсіз орта қалыптастыру және тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау — ауданның заманауи әрі жайлы өмір сүруге қолайлы кеңістікке айналып келе жатқанын көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win