
2025 жылы Шымкент қаласының құрылыс басқармасы 142,4 млрд теңге көлемінде 118 нысанның құрылысын жүргізуді жоспарлады. Оның ішінде 67 нысан ағымдағы жылы пайдалануға беріледі, 60 нысан аяқталған, 7 нысан жыл соңына дейін тапсырылатын болады, ал қалған 51 нысанның құрылысы 2026 жылға өтпелі.
Тұрғын үй құрылысы бойынша 66 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған, оның ішінде 34 үй (2575 пәтер, 203,9 мың ш.м.) пайдалануға берілмек. Бозарық және Тұран шағын аудандарында тұрғын үйлер толық тапсырылған, қалған үйлер келесі жылға өтеді.
Әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үй қорын толықтыру мақсатында 1523 пәтер сатып алу көзделіп, қазіргі таңда 1374 пәтер сатып алынған, қалған 149 пәтер бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүріп жатыр.
Инженерлік инфрақұрылым бойынша 11 нысанның құрылысы жүргізіліп, 8 нысан пайдалануға берілген, қалған 3 нысан келесі жылға өтпелі.
Құрылыс басқармасы тарапынан кепілдік мерзіміндегі 197 тұрғын үй бақылауда тұр, 466 кемшілік анықталып, мердігер мекемелер тарапынан толық қалпына келтірілген. 2025 жылы келісім шарт талаптарын орындамаған мердігерлерге, техникалық және авторлық қадағалаушыларға 12,5 млн теңге айыппұл салынды.
