Редакция таңдауы

Шымкент аспанында екі ұшақ соқтығыса жаздады


Оқиға 10 қаңтар күні таңертең болған. Шымкент аспанында шетелдік екі әуе компаниясына тиесілі ұшақтар бір-біріне тым жақын қашықтықта ұшқан. Олар Қазақстан арқылы транзиттік рейспен өткен.
«Победа» әуе компаниясына тиесілі Boeing 737 ұшағы Внуково – Самарқан бағыты бойынша ұшып бара жатқан. Ал екіншісі Uzbekistan Airways компаниясына тиесілі Airbus A320 әуе кемесі. Ол Термезден Мәскеуге бағыт алған. Ұшақтар бір-біріне жақындаған сәтте, екеуі де Шымкенттегі әуе диспетчерлерінің бақылау аймағында болған. Оқиға Азаматтық авиация қағидаларына сәйкес тергеуді қажет ететін ауыр авиациялық жағдай ретінде тіркелді. Қазір Көлік министрлігі тексеру үшін арнайы комиссия құрып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win