Редакция таңдауы

ОТБАСЫЛАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫ ЦИФРЛЫҚ СКОРИНГ ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ АНЫҚТАЛЫП ЖАТЫР

Шымкент қаласында отбасылардың әл-ауқатын анықтауда цифрлық скорингтік модельді пайдалану арқылы мемлекеттік қолдау шараларын тағайындау жөніндегі пилоттық жоба жалғасып жатыр.

Қазіргі таңда скорингтік модель төрт мемлекеттік қызметке толық енгізілген. Атап айтқанда, тұрғын үй көмегін тағайындау, жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй ақысының бір бөлігін субсидиялау, сондай-ақ, мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу кезінде қолданылады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, пилоттық жоба шеңберінде тұрғын үй көмегіне 1 821 өтініш қабылданып, барлығы қанағаттандырылды. Ал, жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялауға 2 181 өтініш түсіп, скоринг нәтижесінде 839 отбасының әл-ауқаты жоғары деңгейде екені анықталған. Мүгедектігі бар балаларды үйде оқыту шығындарын өтеу қызметіне 1 677 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 41 өтініш ұпай саны бойынша әл-ауқаты 6-санатқа жататын отбасыларға тиесілі болған. Сонымен қатар, қаладағы 115 мектептің әлеуметтік педагогтері білім беру ұйымдарының оқушыларына қаржылық және материалдық көмек көрсету кезінде отбасылардың әл-ауқат деңгейін тексеру үшін скорингтік жүйені пайдаланып отыр. Жалпы 22 382 өтініш қаралып, 74 өтініш тұрмысы жоғары отбасыларға қатысты деп танылды.

Министрліктің мәліметінше, скорингтік модель 23 әлеуметтік-демографиялық және экономикалық көрсеткішке негізделген. Қосымша қолдауға өтініш білдірген отбасылардың барлығы әл-ауқат деңгейіне қарай алты санатқа бөлінеді — аса мұқтаждықтан бастап, материалдық қиындықтары жоқ отбасыларға дейін. Бағалау табыс, мүлік, көлік, несиелердің болуы, денсаулық жағдайы, білім деңгейі және бейресми табыс көздері сияқты деректер арқылы автоматты түрде жүргізіледі.

Айта кету керек, аталған жүйені енгізу республикалық бюджеттен төленетін әлеуметтік төлемдерге әсер етпейді. Базалық және ынтымақты зейнетақылар, бала күтіміне және мүгедектікке байланысты жәрдемақылар, көпбалалы және марапатталған аналарға берілетін төлемдер бұрынғы тәртіппен төлене береді.

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win