Редакция таңдауы

Әбдіров мемориалы: мейіржан шермаханбет – жеңімпаз!

Шымкент қаласының балуандары кезекті халықаралық турнирден олжалы оралды. Қарағанды қаласында Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіровты еске алуға арналған грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ересектер арасында Халықаралық турнир өткен еді. Аталған бәсекеде қала спортшылары 2 алтын, 3 күміс, 2 қола жүлдеге ие болды.

Грек-рим күресінен әлем чемпионатының жүлдегері, Азия чемпионы Мейіржан Шермаханбет 67 келіде бақ сынап, барлық қарсыластарын жеңіп шықты. Финалда Азия чемпионатының жүлдегері, дарынды жастардың бірі Мұхамедәлі Мамырбектен басым түсті.

Сонымен қатар, 72 келіде Әділхан Сатаев, 87 келіде Әзімхан Абдалиев финалдық белдесуде есе жіберіп, күміс жүлдені қоржынға салды. 97 келіде жас дарын Бейбіт Қорғанов 3-ші орыннан көрінді. Еркін күрестен 74 келіде Дархан Есенғали топ жарса, 79 келіде Шамсат Тайр қола жүлдені жеңіп алды.

Шымкент қаласының балуандары биыл жауапты сындарда бақ сынайды. Атап айтқанда, 2026 жылы Жазғы Азия ойындары, Азия және әлем чемпионаты сынды мааңызды жарыстар бар. Өткен жылы шаһар балуандары әлемдік және құрлықтық чемпионаттарда жүлдегерлер қатарынан көріне білді. Биыл да жерлестерімізден жарқын жеңіс күтеміз.

 

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win