Редакция таңдауы

Қаңтар айындағы ҰБТ-дан қанша талапкер шеттетілді?


10 қаңтарында басталған ҰБТ-ға бүгінгі күнге дейін 36 мыңнан астам түлек қатысты. Талапкерлердің – 64%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 36%-ы орыс тілінде және 52 адам ағылшын тілінде тапсырды.

Бірінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің – 60,3%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл – 57 балды құрады. Ең жоғары нәтиже ретінде 131 балл тіркелді.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға 156 талапкер қатысқан.

«Талапкерлердің тест тапсырмаларының мазмұны бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға беру құқығы бар. Техникалық себептер бойынша апелляция тікелей тестілеу кезінде қабылданады. Тест нәтижесі көрсетілген сертификаттар апелляция қарастырылғаннан кейін жеке кабинеттерде қолжетімді болады», делінген Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарламасында.

ҰБТ-ның бірінші аптасында 94 ереже бұзушылық анықталды. 56 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді. Тағы 38 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Ал өзге адамдардың орнына кіру фактілері анықталмаған.

2026 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін осы жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады.

Осы кезеңдегі тестілеуге қатысуға 187 мыңға жуық өтініш келіп түскен.

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win