Редакция таңдауы

Бүгінгі Құрылтай маңызды мәселелерді көтерді

Сыр өңірінде өткен Ұлттық құрылтайдың бұл жолғы отырысында бірқатар маңызды мәселелер көтерілді. Құрылтай – мемлекеттік мәселелерді, елдік ұстанымды, ұлттық мүдде тұрғысындағы тақырыптарды ортаға салатын, ақылдасатын алаңға айналғалы қашан?! «Кеңесіп пішкен тон келте болмайды» дейтін қазақтың Ұлттық құрылтайдан күтері көп. Соның бірқатарын бүгін Мемлекет басшысы нақты атап көрсетті. Мемлекет басшысының құрылтай атауын аса маңызды мемлекеттік институттың символы ретінде сақтап қалу туралы ойын толық құптаймын.
Президент өз сөзінде «Болашақ Парламентке Құрылтай деген атауды беру керек деп ойлаймын. Құрылтайдың тарихи аясы да, мағынасы да халқымызға да жақын. Құрылтай отырыстарын жаңғырту бастамасын мен өзім 2022 жылы көтергенмін. Осы баяндаманың басында құрылтай жұмысының тиімділігі мен пайдасына ден қойдым. Жалпы, еліміздің саяси жүйесінде Құрылтай атауын аса маңызды мемлекеттік институттың символы ретінде сақтап қалуымыз керек деп ойлаймын», деді.
Бұл орайда Президент депутаттар санына қатысты мәселе қызу пікірталас туғызғанын да ашық айтты. Ұсыныстардың бірқатары еліміздегі халық санына қарай пропорционалды уәкілдің идесына сай келсе, енді бірқатары депутат санын 500-ге дейін арттыру қажет екенін ұсынған.
Мемлекет басшысы бұл мәселенің де аражігіт ашып берді. «Біздің мақсатымыз − шын мәнінде тиімді әрі кәсіби Парламент құру. Жаңа заң шығарушы орган елдегі ауқымды өзгерістерге заңнамалық тұрғыда барынша қолдау көрсетуге тиіс. Әлемдегі озық тәжірибелерге қарасақ, бұл үшін депутат санын көбейтудің еш қажеті жоқ. Сондықтан мәселе санда емес, сапада. Ең бастысы Парламентте нағыз отаншыл азаматтар, білікті мамандар отыруға тиіс»,- деді ол.
Ақылдасу алаңы – халықтың ішкі, сыртқы жағдайын байыптайтын, ой-пікірін, көзқарасын ортаға салатын жиын. Бұқараның билікке айтар мәселесін ашық айтатын диалог алаңы. Ұлттық Құрылтайдың бүгінгі отырысында осының бәрі де қамтылды.
Президент Ұлттық Құрылтайда Мемлекеттік кеңесші лауазымын жою жоспары бар екенін де мәлімдеді. Бұл шешім мемлекеттік басқару жүйесін ықшамдау және аппараттық құрылымдарды оңтайландыру үшін қабылданып отырғанын жасырмады.
Құрылтайдың күнтәртібіндегі мәселелерді сараптай келгенде бұқараның ұсыныстарына айрықша мән берілгені аңғарылды. Елдің өтініш-тілектері қабыл алынған. Бірқатар қоғамдық мәселелерге де баға берілді. Тарихқа көз жүіртетін болсақ, ел тағдырына қатысты ең күрделі мәселелерді қазақ халқы үнемі құрылтайда, билер кеңесінде отырып шешкен. Ел бірлігі, жер тұтастығы, жұрттың амандығы бәріне ортақ ақылдасу алаңында талқыланған. Шешім шығарылған. Ортақ аң қабылданған. Бүгінгі Ұлттық құрылтай – сол ата дәстүрдің заманға сай жаңғыруы.

Талғат Ысқақов,
«БалТекстил» кілем фабрикасының директоры,
Шымкент қалалық мәслиатының депутаты.

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win