Редакция таңдауы

Өзгерістер нақтыланған Құрылтай болды

Бұл жолы бесінші рет өтіп отырған Қызылордадағы Ұлттық Құрылтай – өзекті мәселелердің күнтәртібіне шығуымен ерекшеленгені рас. Масс-медиадан оқып, көріп білгеніміздей екі күндік форумда 70-ке жуық Құрылтай мүшесі сөз алып, 200-ден астам ұсыныс ортаға салынған. Бәрі де елдік, өз аймағында болып жатқан қоғамдық мәселелерді талқылағаны анық. Нәтижесінде бүгінгі Құрылтайда халық күткен өзгерістер нақтыланып, Мемлекет басшысы тарапынан баға берілді.
Әлеуметтік-мәдени дамудан бастап, ғылым мен білім саласындағы ауқымды мәселелер айтылды. Бұған дейінгі Ұлттық құрылтайларда айтылған ұсыныстар да назардан тыс қалмаған. Сол ұсыныстардың негізінде елімізде 26 заң қабылданыпты. Осының өзі Құрылтайдың ауқымды реформалардың негізгі қозғаушы күші болғанын айғақтап отыр емес пе?!
Әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін нақты шаралар қолға алынды. Лудоманияға, нашақорлыққа қарсы белсенді күрес жүруде. Ономастика саласындағы жұмыстар ретке келтірілді. Еңбек адамдарының мәртебесі арта түсуде.
«Біз бір ел, бір халық болып жұмыла білгеннің арқасында өткен жылды мол табыспен аяқтадық. Былтыр экономикамыз 6,5 пайызға өсті. Еліміздің ішкі жалпы өнімі 300 миллиард доллардан асты, ал, жан басына шаққандағы үлесі Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет 15 мың доллар болды. Бұл – бүкіл Орталық Азия аймағы бойынша рекордтық көрсеткіш. Ұлттық қордың валюталық активтері 5 миллиард долларға ұлғайды. Алтын-валюта қорымыз ең жоғары деңгейге жетіп, 65 миллиард доллардан асты. Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 40 пайызға жақындады. Халық саны 20,5 миллионға жуықтады. Азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасқа жетті. Ең бастысы, қоғам өзгерді, реформаларымыз тұрақты сипатқа ие болды, халықтың сана-сезімінде үлкен бетбұрыс жасалды»,- деді Мемлекет басшысы.
Бұл ел ішінде тыныштық пен қоғамдық келісімнің салтанат құруынан қол жеткізілген жетістік деп ойлаймын. Қазақстанның мемлекеттік басқаруындағы жаңа құбылыс ретінде бағаланып отырған Ұлттық Құрылтайда айтылған тағы бір мәселе – Праламенттік жүйенің мәртебесін нақтылау жайы болды. Зайырлы, дамыған мемлекеттердің тәжірибесінде халықтың мұң-мұқтажы мен ұлт мүддесін заң қабылдарда ескеретін ең жоғарғы өкілетті орган – Парламент. Алайда Парламенттегі кей пікірталастар мен мүдделер қайшылығы саяси бәсекелестікке ауып кететіні жасырын емес. Әлемде атқарушы биліктің қоғамдағы түрлі топтардың мүдделерін ескеретін, мемлекетті дамытуға бағытталған проблемаларды талқылайтын кеңес құру тәжірибесі бар.
Осы тұрғыда Президенттің құрылтай құру бастамасы ұлттық дәстүрімізден негіз алатыны, әрі әлемдік деңейдегі зайыры қоғам құрудың нақты қадамы екені даусыз.
Мемлекеттік мәселелердің Ұлттық құрылтайда талқыланып, нақты шешімдер қабылдауға негіз болуы өте құптарлық іс.

Бақытжан ПОЗИЛОВ,
Шымкент қалалық №1 клиникалық аурухананың бас дәрігері, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win