
Бүгінде Қазақстан Республикасында ірі саяси үдерістер жүріп, мемлекеттік басқарудың тың форматтары қалыптасуда. Мұнда әсіресе, Құрылтай институтының мемлекет үшін маңызы ерекше.
Ұлттық құрылтайдың жыл сайын әртүрлі тарихи өңірлерде өткізілуі оның ел өміріндегі саяси және тарихи салмағын арттырады. Өздеріңізге мәлім, символикалық маңызы зор Ұлытау, Түркістан, Атырау, Бурабай қалаларында өткен Ұлттық құрылтайлардың бастамаларын іске асыру аясында бүгінге дейін 26 Заң қабылданды. Атап айтсақ, Республика күнінің мәртебесі, Қазақстан жазушысы атағының қайтарылуы, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, құмар ойынға, есірткі саудасына қарсы қылмыстық жауапкершілік күшейтілуі, балалар құқығы …
Қызылорда қаласында екі күнге жалғасқан V Ұлттық құрылтайдың алғашқы күнінде құрылтай мүшелері «Білім және ғылым», «Әлеуметтік-мәдени даму», «Азаматтық қоғам» және «Экономикалық даму» бағыттары бойынша ұсыныс-пікірлерін ортаға салынып, елдік мәселелерді талқылап, жаңа бастамалар көтерді.
Ұлттық құрылтайдағы сөзінде Президент Қ. Тоқаев мемлекетіміздің келешек даму бағдары мен саяси реформалардың жалғасы жайлы, қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларымен бөлісті.
Қазақстанның жаңа Парламентке көшуінде жаңа бір палаталы Парламенттің құрылымы, депутаттардың өкілеттік мерзімі, сайлау рәсімдері мен заң шығару тетіктері сөз бола отырып, Парламент атауының Құрылтай деп өзгертілуі ерекше мән мен маңызға ие.
Қазақстанның жаңа бір палаталы Парламенттік модельге көшуі барысында бір палаталы Парламенттің құрылымы, депутаттардың өкілеттік мерзімі, сайлау тәртібі мен заң шығару тетіктері қарастырылды. Ал Парламенттің атауын Құрылтай деп өзгерту тарихи және саяси ерекше мәнге ие.
Әр елдің мемлекеттік басқару жүйесі өз тарихына байланысты қалыптасады. Бүгінде әлемдегі мемлекеттердің Парламент атаулары елдің тарихы, мемлекеттік құрылысы, басқару формасы, тілі мен саяси дәстүрлеріне байланысты әртүрлі болып келеді.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының бір палаталы Парламентін Құрылтай деп атаудың да бірнеше алғышарттары бар.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қ. Тоқаев өз сөзінде Конституциялық өзгерістердің жалғасатыны, қоғамның үлкен, түбегейлі саяси өзгерістер алдында тұрғанына тоқталды. Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың орнына Халық Кеңесін құру жайлы ұсынысын айтты.
«Халық Кеңесі» бастамалар көтере алатын және Конституциялық негізде мемлекет дамуына әсер ететін орган ретінде айқындалмақ. Бұл Кеңес өз кезегінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық мақсаттарын жалғастыра отырып, Тәуелсіз Қазақстанның бірлігі мен ынтымағын нығайтуға негіз болады.
Сонымен қатар, мемлекеттік басқару ісінде де үлкен өзгеріс болады. Вице-Президент лауазымын ұсынған Қасым-Жомарт Кемелұлы, бұл лауазымның ара-жігін түсіндіре отырып, Президент Кеңесшісі лауазымының қысқартылатынын айтты. Президент билігін күшейтетін бұл лауазым халықаралық ынтымақтастықты арттырып, мемлекет тұрақтылығы мен қауіпсіздігін сақтау, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын арттырумен айналысады.
Қорытындылай келе, Ұлттық құрылтай халық пен билік арасындағы диалогты күшейтіп, конституциялық өзгерістерге жол ашқан маңызды тетік болып табылады.
Сәуле РЫСБАЕВА,
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Шымкент қаласы бойынша филиалының доценті, саяси ғылымдар кандидаты
