Салық төлеушілері тауарларды импорттаған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің салық органдарынан тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш электрондық нысанда алынған жағдайда, тауарлардың экспортын жүзеге асырған Қазақстан Республикасының салық төлеушісіне Қазақстан Республикасының салық органы осындай өтінішті алғандығы туралы хабарлама жібереді.
Хабарлама өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жіберіледі. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш Қазақстан Республикасының салық органына тауарлардың экспорты кезінде оларды өткізу бойынша, алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар орындалған жағдайда жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған күннен бастап күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде электрондық нысанда келіп түспеген кезде Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) — әрі қарай «Кодекс», Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеуші осы Кодекстің 425-бабында көзделген мерзімде осы Кодекстің 422-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша салық төлеуге міндетті. Қосылған құн салығы сомаларын есептеуді салық органы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүргізеді. Есептелген қосылған құн салығының сомалары уақтылы және толық төленбеген жағдайда, салық органы осы Кодексте айқындалған тәртіппен мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттемені орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін және мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады.
Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш Қазақстан Республикасының салық органына осы баптың 3-тармағында көзделген мерзім өткен соң электрондық нысанда келіп түскен жағдайда, қосылған құн салығының төленген сомалары осы Кодекстің 101 және 102-баптарына сәйкес есепке жатқызылуға және қайтарылуға жатады.
Бұл ретте осы баптың 4-тармағына сәйкес есептелген өсімпұлдың төленген сомалары қайтарылуға жатпайды.
Азамат Маратұлы АҚЖАН,
Қаратау ауданы бойынша МКБ Салықтық әкімшілендіру
және камералдық мониториг бөлімінің бас маманы