Редакция таңдауы

ҮНЗИЛА ШАПАҚ: КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ПРЕАМБУЛАСЫН ЖАҢАРТУ ЕЛДІҢ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

Конституциялық комиссияның отырысында Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ Конституцияның преамбуласын қайта қарауды ұсынды. Оның айтуынша, кіріспе бөлім елдің қазіргі сын-қатерлері мен негізгі құндылықтарын нақты әрі толық бейнелеуі қажет.

Депутат бұл бастаманы жай ғана мәтіндік түзету емес, ұлттық мемлекеттілікті нығайтатын әрі елдің идеялық бағытын айқындайтын маңызды қадам ретінде бағалады. Ұсынылған жаңа редакцияда Қазақстанның өзін біртұтас ұлт ретінде танытуы басты ұстанымдардың бірі болуға тиіс.

Үнзила Шапақ преамбулада мемлекеттің унитарлық сипаты, шекаралардың мызғымастығы және аумақтық тұтастықты сақтау мәселесіне ерекше мән берілуі қажет екенін атап өтті. Оның пікірінше, қазіргі геосаяси жағдайда бұл қағидаттар ел егемендігін нығайтатын шешуші фактор саналады.

Сонымен қатар депутат «Әділетті Қазақстан» идеясы мен оның өзегі саналатын «Заң мен тәртіп» қағидатын Конституция преамбуласы деңгейінде бекітуді ұсынды. Бұл мемлекет пен қоғам дамуының жаңа философиясын айқындайды.

Оның айтуынша, табиғатты аялау, экологияны сақтау, ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтар да Конституцияда қоғам мен мемлекеттің ортақ жауапкершілігі ретінде көрініс табуға тиіс.

Айта кетейік, қолданыстағы Конституция 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған. Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында Конституцияны қайта жазу мәселесі көтерілгенін мәлімдеген болатын.

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win