Редакция таңдауы

Тұран ауданында көшелерді жаңғырту және абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Тұран ауданында барлығы 1 229 көше бар, олардың жалпы ұзындығы 570,4 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда 458,1 шақырымы асфальтпен жабылған, бұл 80,4 пайыз. Қалған 112,3 шақырым көше тас жол күйінде.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы ауданда 251 көшеге 112,3 шақырым асфальт төсеу жоспарланды. Оның ішінде 22 көшеде 18,6 шақырым орташа жөндеу, ал 229 көшеде 93,7 шақырым жол жабынын орнату көзделген. Сонымен қатар ағымдағы жөндеу аясында 36 көшеге 33 шақырым бір қабатты асфальт салынды. Осы жұмыстар толық аяқталған соң, аудандағы асфальтталған көшелердің үлесі 100 пайызға жетеді.

Орташа жөндеуден өтетін 22 көше Арғымақ, Құрсай шағын аудандары мен орталық аумақта орналасқан. Ал жол жабыны орнатылатын 229 көше Ақжар, Айкөл, Ақтас, Ақтас-2, Жаңаталап, Карл Маркс, Қазығұрт, Құрсай және Құлагер шағын аудандарын қамтиды. Қазіргі таңда олардың 151-і аяқталып, 78 көшеде жұмыстар жалғасып жатыр.

Жаяу жүргіншілер қауіпсіздігіне де басымдық берілген. 2025 жылы 44 көшеге 20,1 шақырым аяқ жол салу жоспарланып, бүгінде 31 көшеде 15,5 шақырым тротуар төселді. Қалған 13 көшеде 4,6 шақырым аяқ жол салынуда.
Су ағар жүйелерін орнату бағытында 35 көшеге 17 шақырым ирригация жүйесін салу көзделіп, қазіргі уақытта 30 көшеде 14,7 шақырым жүйе жүргізілді. Тағы 5 көшеде 2,3 шақырым ирригация желісі салынады.

Көшелерді жарықтандыру жұмыстары да толық аяқталды. Бұған дейін аудан көшелерінің небәрі 35 пайызы ғана жарықтандырылған болса, 2024–2025 жылдары жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 333 көше жарық шамдарымен қамтылып, көрсеткіш 100 пайызға жетті.
Сонымен қатар ауданда 383 ойын алаңшасы мен 99 спорт алаңы бар. Оның ішінде ойын алаңдарының 355-і, спорт алаңдарының 73-і көпқабатты тұрғын үйлер аумағында орналасқан.

Атқарылған жұмыстар Тұран ауданында жол сапасын жақсартып, тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға мүмкіндік беріп отыр.

«Шымкент келбеті»

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win