Редакция таңдауы

Шымкенттің жолдары тақтайдай тегіс

Мегаполис қалаға сай инфрақұлымдардың болуы заман талабы. Оның ішінде жол құрылысы маңызды рөл атқарады. Шымкент қаласында 2024–2025 жылдары жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Нақтысын айтар болсақ, қала бойынша былтыр 1 328,5 шақырым жол салынып, пайдалануға берілді. Оның 269,5 шақырымының құрылысы 2024 жылы ақталса, былтыр 12 айдың қорытындысында тағы 1 059 шақырым жол пайдалануға тапсырылғаны мәлім болды.
2024 жылы көлік инфрақұрылымын дамыту аясында жалпы ұзындығы 20,1 шақырымды құрайтын 4 көше пайдалануға берілді. Аталған жобалар қатарында А-2 айналма жолын қайта құрудың 4-кезеңі, Өтегенов көшесі жалғасының 1 және 2-кезектері, сондай-ақ Оңтүстік айналма жолы бар.
Бұл бағыттағы жұмыстар былтыр да жалғасып, ұзындығы 21,1 шақырымды құрайтын ірі 6 жоба іске асырылды. Мемлекет басшысының өңірге жасаған жұмыс сапары барысында берген тапсырмасына сәйкес, А-2 айналма жолының негізгі бөліктері қайта құрудан өтіп, 6 және 8-кезеңдері пайдалануға берілді. Осылайша нысанның орындалу деңгейі 90 пайызға жетті.
Қаланың орталығын Ташкент – Алматы тас жолымен байланыстыратын Қонаев даңғылының жалғасы бойынша құрылыс жұмыстары 85 пайызға орындалып, биыл 2-кезеңі пайдалануға тапсырылды. Аталған жобаны толық аяқтау биылға жоспарлануда.
Сонымен қатар, қаланың шығыс бөлігі мен орталығын байланыстыратын Момынов және Тіленшин көшелеріндегі екі ірі теміржол өткелінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Аталған нысандарды келесі жылы пайдалануға беру жоспарлануда. Бұдан бөлек, Бәйдібек би және Төлеметов көшелерінің қиылысында жаңа жолайырықтың құрылысы басталды.
Көлік кептелістерін азайту және қолданыстағы жолдарға балама бағыттар қалыптастыру мақсатында Алтынсарин, Қазиев, Ақсүмбе, Шұбаркөл, Алатау батыр – Абылайхан көшелерін өзара байланыстыру, сондай-ақ теміржол өткелдерінің құрылысы жүруде.
Ал Жандосов көшесінің жалғасы, Асар–Шымсити шағын аудандарын байланыстыратын жол мен Қызылсай шағын ауданына кіреберіс жолдар асфальтталып, пайдалануға берілді.
Бұдан бөлек, жалпы ұзындығы 17,1 шақырымды құрайтын 6 көше мен 1 көпірде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 4 көше мен 1 көпір пайдалануға тапсырылса, 2 көше бойынша жұмыстар 2026 жылға өтпелі болып белгіленді.

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win