Редакция таңдауы

Шымкентте ардагерлер мен әлеуметтік осал топтарды қолдау жүйелі түрде жалғасып жатыр

Шымкент қаласында ардагерлер мен аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жыл сайын ауқымы кеңейіп келеді. Қала әкімдігі мен мәслихаттың жүйелі қолдауының арқасында бұл салада нақты нәтижелерге қол жеткізіліп келеді.

Бүгінде қала бойынша 101 389 зейнеткер, 1 354 тыл еңбеккері, 2 125 ҰОС ардагерлеріне теңестірілген азамат тіркелген. Сонымен қатар, 71 534 көпбалалы ана бар, оның ішінде 14 994 ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегері.

Биыл ардагерлер мен әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды қолдау шаралары бұрынғыдан да күшейтіледі. Осы бағытта бірқатар маңызды жұмыстарды жалғастыру және кеңейту жоспарда бар екен.
Зейнеткерлер мен ардагерлерді санаторлық-курорттық емдеумен қамту тұрақты түрде жалғасады. «Ақсу демі», «Күлпаршын», «Денсаулық», «Айша бибі» секілді шипажайларға жолдама беру көлемін сақтау және кезең-кезеңімен арттыру көзделіп отыр. «Ізетті зейнеткер» орталығының мүмкіндігі кеңейтіліп, егде жастағы азаматтардың сауықтыру-емдеу қызметтерімен қамтылу ауқымы ұлғайтылмақ. Мерекелік және атаулы күндерге арналған біржолғы әлеуметтік көмектер дәстүрлі түрде жалғасып, ардагерлердің, көпбалалы аналардың, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметтік қорғалуына басымдық беріліп келеді. Мүгедектігі бар балаларды, онкологиялық және туберкулез ауруымен есепте тұрған азаматтарды қолдау шаралары да басты назарда.

Сонымен қатар, ардагерлерді тегін мерзімді басылымдарға жаздыру, әлеуметтік бейімделу шаралары, пробация есебінде тұрған азаматтарға қолдау көрсету, төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен отбасыларға көмек беру жұмыстары да тұрақты жүргізіп жүр.
Маңызды жаңашылдықтардың бірі – Әлеуметтік қызметтер порталының толық іске қосылуы. Енді мүгедектігі бар азаматтар қажетті құралдар мен қызметтерге электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы онлайн түрде тапсырыс бере алады. Бұл – ашықтықты арттырып, қызмет алушылар үшін қолжетімділікті едәуір жеңілдеткен тиімді тетік.

2025 жылы оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 59 878 өтінім қабылданып, оның 53 379-ы, яғни, 89,2 пайызы толық қамтамасыз етілді. Бұл – сұраныстың да, көрсетілген көмектің де артқанын білдіреді.
Атап айтқанда, азаматтар, протездік-ортопедиялық құралдармен, сурдо, тифлогигиеналық құралдармен, мүгедектер арбаларымен, жеке көмекші мен ымдау тілі мамандарының қызметімен, санаторлық-курорттық емделуге жолдамалармен жүйелі түрде қамтылды. Сонымен қатар, арнайы жабдықталған «Инватакси» қызметі де жолға қойылған. Қалада 38 инватакси көлігі тұрақты түрде қызмет атқарып, жүздеген өтінімдер қанағаттандырылды.

«Шымкент келбеті»

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win