Шымкент қаласының ескі қала аумағын қамтитын әл-Фараби ауданындағы 390 көшенің 365-і асфальт жолымен қамтылған.
2025 жылы аудан аумағында 41 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жоспарланған болатын. Сонымен қатар, 76 көшенің асфальт қабатын жаңарту бойынша ұсыныстар енгізіліп, жалпы 117 көше бойынша жол жөндеу жұмыстары жоспарланған. Бүгінгі таңда, аталған 117 көшенің 112-не жаңадан асфальт төселіп, асфальт қабаты жаңартылды.
Сондай-ақ, 5 көшеде дайындық жұмыстары жүргізіліп, жауапты сала мамандарымен зерделеу жұмыстары атқарылды.
Асфальттау жұмыстары үй аралық аулаларда да жүзеге асуда. Былтыр 3 000 тонна асфальт қабатын төсеу және ойылған жерлерді жөндеу жұмыстары жоспарланған болатын. Әл-Фараби» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан 172 аулаға 2 531 тонна асфальт қабаты төселді.
Айта кету керек, аудан әкімінің аппараты тарапынан 2025 жылы 17 көшеге (3 ш/қ) аяқжол салу жұмыстары жоспарланып, бұл толығымен жүзеге асты.
Сонымен қатар, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 20 көшеге 11,5 шақырым аяқжол салу жоспарланған. Аталған бағыттағы жұмыстардың 16 көшесінде (10,5 ш/қ) аяқталды.
Жол салу ісінде ирригаилық арықтарға да үлкен мән берілуде. Әл-Фараби ауданында көппәтерлі 19 тұрғын үй ауласында 1 630 метр ирригациялық арық орнату жоспарланған. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жолданған 25 көшеге ирригациялық арықтар орнату туралы ұсыныстың негізінде бүгінде 13 көшеде тиісті жұмыстар толық орындалды. Ал 2 көшеде аталған жұмыстар жалғасуда.
«Шымкент келбеті»
