Редакция таңдауы

Білім саласындағы келеңсіздіктерді QARQYN қарқынды түрде жоюда

Бірден айтайық, QARQYN дегеніміз Шымкентте білім саласына бөлініп жатқан қаржының қаншалықты мақсатты жұмсалып жатқанын бақылауда ұстайтын бірыңғай интеграциялық жүйе. Сыбайлас жемқорлыққа жол бермейтін, құжат айналымын электронды негізде жүзеге асыратын бұл жоба 10 түрлі компаненттен тұрады. Бухгалтерлік есеп, бюджеттік жоспарлау, мектепке дейінгі саланы, қосымша білім беруді, орта білім беруді басқару, цифрлық білім беру ресурстары, тарификациялық база, талдау орталығы, колледждерді басқару бәрі де осы  QARQYN жүйесімен бақыланатын болады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жүктеген негізгі тапсырманың бірі биыл барлық саланы цифрландыру екені ел есінде. Міне, сол талапты жүзеге асыру Шымкентте басталып кетті десек те болады. Оның үстіне жасыратыны жоқ, елімізде жемқорлық торы кеңінен жайлыған білім беру саласы екені, ал жаңашылдық ең алдымен осы саладан бастау алып отырғаны да көңілге қаныш ұялатады.
Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек мәлім еткендей QARQYN-ның нәтижесі жаман емес. Мысалы, бір ғана BALABAQSHA компоненті бойынша кезекте тұрғандардың тізіміндегі 2809 баланың дәл қазіргі таңда Шымкентте тұрмайтыны анықталған. Шетінеп кеткен  баланың та балабақшаға орналасуға үміткерлер тізімінен табылғаны таң қалдырған. 2261 баланы ата-анасы балабақшадан шығарып алғанмен қайта орналастырға өтінім бермеген. Мұндай жағдайда бюджеттен балабақшада жоқ бала үшін қаржы бөлу қаншалықты заңды?
–Сала басшыларынан талап етіп отырғанымыз да осы. Мемлекеттің әрбір тиыны мақсатты түрде жұмсалуы керек. Жұмсалған қаржының есебін беруде нақты кімге, қанша жұмсалғаны анық көрсетілуі қажет. Осыны талап ете бастасақ негізсіз әңгімелерді айтатындар бар. Заң бәрімізге ортақ. Заң мен тәртіпті қатаң сақтау басты қағидамызға айналуы керек,- дейді Сәрсен Абайұлы.
QARQYN-ның QOSYMSHA компоненті де біршама игі нәтижеге қол артып отыр. Шымкент қаласында бүгінгі таңда қосымша білім беретін 533 ұйымның 190-ы ғана мемлекеттік. 343-і жекеменшік. QARQYN жүйесі іске қосылғанға дейін «жекеменшік орталықтарда 44 475 бала қосымша біліммен қамтылуда» делінген еді. Ал цифрлы бақылау жүйесі 28 237 бала барын нақтылады. 16 238 бала «өтірік» болып шықты. Әр орталықтан алынған тізімде аты-жөні қайталанған балалар бары анықталды. Яғни, кей орталықтар бала санын көбейтіп, бюджеттен бөлінетін қаржыны қалтаға басуды көздеген сыңайлы. Мысалы, спорттық үйірмелерге білім басқармасы тарапынан да қалалық денешынықтыру басқармасы тарапынан да тізім берілген. Мәдени іс-шаралар үйырмасында де осындай жағдай орын алған. Үш басқарма үш жақтап тапсырыс беру арқылы 10 балаға ғана лайқталған орталықта «560 бала қосымша білім алуда» деп қаржы алып келген.

Дәл осындай нақтылау жұмыстары өзге де компонентер бойынша да нақтыланып, анықталды.
Жалпы алғанда жаңа жүйе мектепке дейінгі, қосымша, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру салаларынан бөлек, кадр мәселесін де қамтиды. Сондай-ақ, Kundelik, 1С, Balabaqsha, Qosymsha, Pana, Smartnation, Sana тарификациялық базасы сияқты негізгі ақпараттық платформалармен біріктірілген және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келетін жоба.

Қазіргі таңда Шыкентте педагогтерді жұмысқа қабылдауда ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету, жемқорлық тәуекелдерін азайту және кадрларды кәсіби деңгейіне сай іріктеу мақсатында орталықтандырылған конкурстық жүйе енгізілген.
Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы бұл бағытта да QARQYN жүйесінің жасап жатқан оң нәтижелері ауыз толтырарлықтай екенін айтады.

Шымкент қаласындағы білім беру ұйымдарына жалпы алғанда 2 мыңнан астам маман қажет екен. Мысалы, Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназияға 84 бос жұмыс орыны бар. А.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназияда – 55, №45 мектеп-гимназияда – 47, Д.Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейде – 38, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері бойынша Саз колледжінде – 65, Политехникалық колледжде – 33, Жол-көлік колледжінде 24 бос орын бары анықталған. Бұл орындар қайдан пайда болды? Мәселенің мәнісі ҚР Білім министрлігінің қаулысына сәйкес мұғалімнің сабақ беру сағаты 1-1,5 жүктемеден (16-24 сағат) аспауы керек деген талапты орындаудан басталған. Себебі Шымкентте көптеген мектептерде мұғалімдер талап етілген жүктемеден көп сағатпен жұмыс істеп келген. Кей мектептерде директордың тәрбие жөніндегі орынбасары білім беру бойынша да орынбасары қызметін қоса атқарғаны мәлім болды. Екі адам атқаратын жүктеме бір маманға артылып, ол бір қызметкерден талап етілетін жұмыс уақытында екі жұмысқа да «үлгерген».

«Мұндай жағдайда қандай сапалы жұмыс болуы мүмкін?!» деген ой өздігінен туындайтындай.

Мектепте мұғалімдердің жетіспеулігі де күмән тудыратын мәселе. Педаог мамандарды даярлайтын бірнеше жоғары оқу орыны бар Шымкентте «түген мектепте мұғалым жоқ» деу қисынсыз. Мәселе, мектепке қажет маманның жұмысқа орналасуында. Педагогқа қойылатын талаптарға сай болуында. Әрі, жоғарыдай айтып өткеніміздей бір мұғалім 24 сағаттан көп үстемемен жұмыс істеп жатқанда өзгеге қайдан орын табылсын?!
Жоғары оқу орыны демекші, Шымкент қаласы әкімінің педагог мамандарды даярлауға 285 грант бөлгені жөнінде газетімізде де жазылған-ды. Сол гранттардың 40-ы игерілмей қалған.
–Осы гранттарды иегеруге мүдделі болуы керек мектеп басшыларынан «біздің мектепке мына пәннің мұғалімі керек», «біз мынадай маманға зәрміз» деген бірде бір өтініш келіп түспеді,- дейді Сәрсен Абайұлы. Бұл да біраз жәйтті аңғартса керек-ті.

Шымкент қалалық білім басқармасы өздеріне қарасты ұйымдарда бүгінгі таңда барлығы 2063 бос орын бар екенін айтады. Педагогикалық лауазымдар бойынша жалпы орта білім беру ұйымдарына – 1165, техникалық және кәсіптік білім беруде – 170, арнайы және қосымша білім беру ұйымдарында – 155, орталықтарға – 35 және 543 кіші қызметкер қажет екен.

Бұл олқылықтың орнын қаңтардың 29-30 қаңтар күндері «Көрме» орталығында өтіп жатқан бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтейді деген үміт бар. Десе де жұмыс іздеп келген мұғалім мамандардың қаншалықты жұмысқа орналасқанын басқарма екі аптадан соң нақтысы белгілі болады деп отыр.

Жәрмеңкеде педагог мәртебесі бар мамандарға конкурс бойынша, құжаттарды рәсімдеу және оларды электронды платформаға жүктеу тәртібі жөнінде кеңес те берілмек.

Саланың жұмысын жақсарту, білім беру ісінде сапаны арттыр үшін 200-ге жуық тәжірибелі педагог пен ардагер ұстаздың кеңесіне құлақ асатын арнайы комиссия құралғанын айта кеткен жөн. Мектептерге маманды осы комиссия мүшелері таңдайтын болады.

Айтпақшы, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков өз ісінің нағыз білгір маманы атанған 100 мұғалімге ай сайын үстеме ақы төлеуге кепілдік беретін бір жылдық грант жариялап отыр. Гранттар иелері жыл сайын өзгеріп тұруы мүмкін. Бұл білікті мұғалімдерді ынталандыруға негіз болатын жоба. Мектептерде білім беру сапасын арттыруға, адами капиталды дамыту және саланы заманауи талаптарға сәйкестендіру мақсатында қолға алынғаны айтпаса түсінікті. Сылайша 2027 жылға дейін Шымкентте «Сапалы білім» жобасы жүзеге аспақ. Бұл бастама ұстаз еңбегін бағалау, педагогтердің кәсіби өсуіне жағдай жасау және қаладағы білім сапасын жаңа деңгейге көтеруге жасалған маңызды қадам болмақ.
Нәтижесін уақыт көрсетер.

Жәмила ЖАЙЛАУБЕК

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win