Редакция таңдауы

Көксай тұрғындарына пәтер кілттері тапсырылды

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков реновация бағдарламасы аясында Көксай шағын ауданы тұрғындарына пәтер кілтін тапсырды. Көксай аумағын жаңғырту тұжырымдамасына сәйкес, 8 отбасына жаңа үйден пәтер кілті табыс етілді.

Тұжырымдаманың негізгі кезеңдерінің бірі – тозығы жеткен үйлердің тұрғындарын реновация бағдарламасы бойынша жаңа, жайлы үйлерге көшіру.

Бағдарлама басталғалы бері 102 отбасы жаңа үйлерге қоныс аударды. Тұрғындарға Шымкент Сити және Тұран шағынаудандарынан жаңа  пәтерлер берілді. Барлық пәтер толық әрленген, бұрынғы үйлеріндегі бөлме санына толық сәйкес келеді және қоныстануға дайын.

Бұл жолы Нұрлыбаев көшесі, №13 үйде тұрған 8 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды.

Қала әкімі азаматтарды жаңа қоныстарымен құттықтап, ескі үйлерден тұрғындарды көшіру қаланы дамытудағы басым бағыттардың бірі екенін айтты.

Қалған тұрғындар да құжаттары толық рәсімделіп болғаннан кейін, кезең-кезеңімен көшірелетінін атап өтті. Пәтер кілтін табыстау рәсімі одан әрі жалғасын таппақ.

Көксай шағын ауданын жаңғырту – мегаполис инфрақұрылымын дамытуға, қалалық ортаны жақсартуға және тұрғындарға жаңа мүмкіндіктер жасауға бағытталған кешенді жұмыстың бір бөлігі.

 

Т.ДҮЙСЕНБЕКҰЛЫ

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win