Редакция таңдауы

Мәслихат депутаттары жаңа Конституцияның жобасын талқыға салды

Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылау бойынша жиын өткізді. Іс-шарада қала мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, мәслихат депутаттары еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғыртуға бағытталған Конституцияның жаңа жобасы жөнінде ойларын ортаға салды.

Іс-шарада Конституциялық комиссия отырысына қатысқан қала мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов жұмыс барысында еліміздің келешегіне тікелей ықпал ететін аса маңызды талқылаулар болғанын мәлімдеп, жалпы әрбір оң өзгеріске жан-жақты тоқталып өтті. Оның айтуынша, Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобына халықтан, саяси партиялардан көптеген ұсыныс келген. Жарты жыл бойы қарқынды жұмыс жүргізілген.

Мәслихат төрағасы Конституцияның жаңа жобасында адам құқығын қорғаудың жаңа деңгейге көтерілгені, бір палаталы Парламентте заңдар тез қабылданатыны, Парламенттің, Үкіметтің жұмысын тиімді ететінін атап өтті.

Мәслихат депутаты
Бақытжан Позилов еліміздің дамуына бағытталған маңызды құжатта денсаулықты қорғау, медициналық қызметтің сапасын арттыруға бағытталған қағидаттардың күшейтілгені ерекше атап өтерлік жағдай екенін айтты. Өйткені, дені сау ұлт – елдің басты байлығы.

Сондай-ақ, Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХХІІІ сессиясы өтіп, онда тұрғын үйлерді реновациялау бағдарламасына өзгеріс енгізілді. Сессияға қала әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов қатысты.

Күн тәртібінде «Шымкент қаласының тұрғын үй реновациялау бағдарламасын бекіту туралы» мәслихат шешіміне өзгеріс енгізу мәселесі қаралды. Аталған мәселе бойынша баяндама жасаған Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Н.Торыбаев жобаға енгізілетін өзгерістермен егжей-тегжейлі таныстырды. Бағдарлама аясында Шымкент қаласы бойынша реновациялауға жататын үйлердің пәтер иелері осы бағдарлама аясында жаңа баспанамен қамтамасыз етілетінін баяндады.

Сессия барысында бағдарлама жобасы бекітілді. Сонымен қатар, қала әкімінің бірінші орынбасары А.Кәрімов сөз сөйлеп, қаладағы өзекті мәселелерді шешу, тұрғындарға қолайлы қоғамдық орта құру бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталып, бірлескен жұмыстарға сәттілік тіледі.

Ә.АЙТӨРЕ

 

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win