Редакция таңдауы

Адалдық – мемлекеттік қызметтің басты ұстанымы

Әрбір құқықтық мемлекет үшін мемлекеттік қызметтің сапасы мен беделі қоғамның даму деңгейін айқындайтын басты көрсеткіштердің бірі болып саналады. Бұл тұрғыда адалдық ұғымы мемлекеттік қызметтің өзегіне айналып, билік пен халық арасындағы сенімнің берік көпірі қызметін атқарады. Адалдық – тек жеке тұлғаның моральдық қасиеті ғана емес, ол мемлекеттік басқарудың тиімділігін, әділдігін және ашықтығын қамтамасыз ететін негізгі қағидат. Мемлекеттік қызметкердің әрбір шешімі мен әрекеті заңға, ар-ожданға және қоғамдық мүддеге сай болуы – өркениетті қоғамның басты талабы.

Бүгінде жаһандану мен цифрландыру дәуірінде қоғамның мемлекеттік аппаратқа қоятын талаптары бұрынғыдан да жоғары. Азаматтар биліктің әділ, ашық әрі жауапты болғанын қалайды. Осы орайда адалдық қағидаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың, қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалануға жол бермеудің және мемлекеттік қызметтің беделін арттырудың негізгі тетігі ретінде алдыңғы қатарға шығады. Адал мемлекеттік қызметкер – халықтың сенімін ақтайтын, елдің тұрақты дамуына үлес қосатын тұлға.

Осы орайда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласы әкімдігі мен оған қарасты басқармалардың мемлекеттік қызметшілерімен мазмұнды кездесу өтті. Басқосуда мемлекеттік қызметтің қазіргі келбеті, қызметтік әдеп, ашықтық пен қоғам алдындағы жауапкершілік мәселелері кеңінен сөз болды.

Жиынды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департамент басшысы
Қанат Қадырбеков жүргізіп отырды. Жиынға қатысқан қызметкерлерге саясаттанушы
Сәкен Мәжінбеков және Шымкент қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Мұратжан
Акишев баяндама оқып, тақырып аясында өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Жалпы, кездесуде мемлекеттік қызметші тек орындаушы ғана емес, қоғаммен тікелей байланыс орнататын тұлға екені айтылды.

– Мемлекеттік қызмет – бұл билік пен халық арасындағы көпір. Сондықтан қызметшінің мінез-құлқы, сөйлеу мәдениеті, отбасылық құндылықтарға көзқарасы жалпы қоғамдық ахуалға әсер етеді. Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес жалпы мемлекеттік, бүкілхалықтық сипатқа ие. Конституциялық тәртіпті қорғау және сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында мемлекеттік саясат жүргізу бүгінгі күннің басты мақсаты. Бұл кез-келген мемлекетте басты ұстанымға айналған. Өйткені, сыбайлас жемқорлық ел жетістіктеріне, ұлттың қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндіреді. Мереке күндері мемлекеттік қызметшілердің қандай да бір сыйлықтар, сый-сияпаттар алуы Әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы өрескел бұзу болып есептеледі. Бұл ретте, заңсыз материалдық сыйлық ұсынған тұлғалар да, сыйлық алғаны үшін мемлекеттік қызметші де, ортада делдал болған азамат та әкімшілік жауапкершілікке тартылады, ал кейбір жағдайда сыйлықтың құнына қарай қылмыстық жауапкершілік көзделген. Қазіргі мемлекеттік қызметшінің басты капиталы – сенім. Ал, сенім әдептен, ашықтықтан және кәсібиліктен қалыптасады. Мемлекеттік аппараттың тиімділігі ең алдымен қызметшінің адамгершілік ұстанымына байланысты, – деді Сәкен Аралбайұлы.

Оның айтуынша, мемлекеттік аппараттың жаңғыруы ең алдымен сана мен құндылықтардан басталуы тиіс.

Ал, Әдеп жөніндегі уәкіл
Мұратжан Акишев қызметтік әдеп нормаларын сақтау, ұжым ішіндегі қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне тоқталды.

– Әдеп – бұл тек ереже емес, бұл күнделікті қызметтегі жауапкершілік. Әрбір мемлекеттік қызметші өз әрекеті арқылы мемлекетке деген көзқарасты қалыптастырады. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі алты қағидатқа негізделген. Адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық және клиентке бағдарланушылық. Әріптестер, қызметтік әдеп нормаларын сақтау – мемлекеттік қызметшінің басты міндеттерінің бірі. Әдеп кодексінің талаптарының бұзылуы заңнамамен қарастырылған жауапкершілікке әкеліп соғады. Сол себептен, этика нормаларының орындалуы мен сақталуы қашанда назарда ұсталған жөн, – деді уәкіл.

Сонымен қатар, агенттік тарапынан жүргізіліп жатқан реформалар, мемлекеттік қызметтің жаңартылған талаптары мен цифрландыру бағытындағы өзгерістерге тоқталды. Әсіресе, «Е-қызмет» автоматтандырылған жүйесінің сыртқы порталы арқылы мемлекеттік қызметке кіру мүмкіндіктері, іріктеудің ашықтығы мен біліктілік талаптары жан-жақты түсіндірілді.

Шара соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мемлекеттік қызметтің болашағына қатысты пікір алмасты.

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win