Редакция таңдауы

Мақсат – кадр тапшылығын азайту

Шымкент қаласында педагогтерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шарада жалпы 2 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды. Аталған іс-шараның мақсаты – білім беру ұйымдарындағы бос жұмыс орындарын таныстыру, жұмыс іздеуші мамандарға кеңес беру және кадр тапшылығын азайту.

Жәрмеңке барысында педагог мәртебесі бар мамандарға конкурстық рәсімдерге қатысу тәртібі, құжаттарды рәсімдеу және оларды электронды платформаға жүктеу бойынша кеңестер ұсынылды. Сонымен қатар, штаттық және кіші қызметкерлерге арналған бос жұмыс орындары таныстырылды.

Шымкент қаласының білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Дәрібаеваның айтуынша, жәрмеңкеге мемлекеттік мекемелерден 164 мектеп, 12 колледждің өкілдері қатысты. Бос орындар туралы мәліметтер білім басқармасының сайтында және әлеуметтік желілерде жариялаған болатын. Сонымен қатар, іс-шарада жұмыс іздеушілерге бос жұмыс орындары слайд түрінде де көрсетілді.

Білім басқармасының мәліметіне сәйкес, жалпы қала бойынша 2063 бос жұмыс орны жарияланған. Жалпы орта білім беру ұйымдарында 1166 бос орын, педагог мамандардан тыс 600-ге жуық кіші қызметкерлердің де бос орны ұсынылды. Педагог кадрлар конкурс негізінде қабылданады. Ал, кіші қызметкерлердің конкурссыз жұмысқа орналасуға мүмкіндіктері бар.

Қазір Шыкентте педагогтерді жұмысқа қабылдауда ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету, жемқорлық тәуекелдерін азайту және кадрларды кәсіби деңгейіне сай іріктеу мақсатында орталықтандырылған конкурстық жүйе енгізіліп отыр. Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек жәрмеңкеде арнайы комиссия мүшелерімен кездесіп, ашықтықты, әділдікті, тазалықты қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.

 

Тағабай ҚАСЫМОВ

 

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win