Редакция таңдауы

Қыз балаға сенімді орта қалыптастырудың маңызы зор

Қыз баланың қауіпсіздігі – қоғамның мәдениет деңгейін айқындайтын басты өлшемдердің бірі. Қазіргі жаһандану дәуірінде ақпараттың ағыны мен әлеуметтік желілердің ықпалы күшейген сайын, жасөспірім қыздардың психологиялық және физикалық қауіпсіздігіне деген алаңдаушылық күн сайын артып келеді. Сондықтан балаға сенімді орта қалыптастыру – тек отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.

Қыз баланың бойындағы сенім мен өз-өзіне деген құрмет, ең алдымен, отбасынан бастау алады. Әке мен ананың қарым-қатынасы, жылы сөзі мен қамқорлығы – баланың өзін қоғамда еркін, қауіпсіз сезінуінің негізі. Отбасында қалыптасқан тәрбие негізі қыз баланың  болашағына кепілдік. Ата-ананың міндеті – қыз баланы қорқытып немесе шектеумен емес, түсіністік пен сенім арқылы тәрбиелеу. Қызға өз пікірін ашық айтуға, өзін-өзі қорғауға, қажет жағдайда көмек сұрауға үйрету – өмірлік маңызды дағды.  Қыз баланың отбасына сеніммен өз ойын білдіре алуы, қазіргі таңда маңызды қадам. Бұл әрекеттің негізгі бастауы білім   ордасында екенін айта кеткен жөн.  Мұнда да сенімді, сыйластыққа құрылған орта қалыптасуы қажет.

Педагог пен студент арасындағы жылы байланыс, достыққа, сыйластыққа негізделген ұжымдық ахуал баланың тұлғалық дамуына әсер етеді.  Қыз баланың қауіпсіздігі тек физикалық шеңбермен шектелмейді. Бүгінде ақпараттық кеңістік – ең осал тұстардың бірі.  Әлеуметтік желілерде шектен тыс ашықтық, жалған идеалдарға еліктеу, интернеттегі теріс ықпалдар қыз баланың психологиясына елеулі әсер етуі мүмкін. Сондықтан медиа мәдениетін қалыптастыру, цифрлық қауіпсіздік дағдыларын үйрету – заман талабы. Әр ата-ана мен ұстаз баланың интернеттегі әрекетіне немқұрайлы қарамауы тиіс.

Қыз бала – болашақ ана, болашақ ұрпақтың жалғасы. Оған жасалған қауіп – ұлттың болашағына жасалған қауіп. Сол себепті, қоғамда қыз баланы қорғау мәдениетін, құрмет пен ізетті арттыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуі керек. Қыздың сөзі еленетін, ойы тыңдалатын, қауіпсіз әрі сенімді орта – әділетті қоғамның міндеті. Сенімді орта қалыптастыру – заңмен емес, жүрекпен жасалатын іс. Әрбіріміз өз отбасымыздан бастап, қыз баланың қадірін түсініп, оның намысы мен абыройын қорғай білсек – мықты, мәдениетті ұлт қалыптасады.

 

А.ТАЗАБЕК,  А.МҮСІРОВА,
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
Зерттеу  университеті «Журналистика және қазақ тілі»
кафедрасының аға оқытушылары

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win