Редакция таңдауы

Жаңа Конституция жобасын талқылау жөнінде қала активі отырысы өтті

Қала әкімдігінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылау және түсіндіру бойынша қала активінің отырысы өтті. Жиында қазіргі таңда еліміз ауқымды саяси жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрғаны, бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылғаны жөнінде айтылды.


– Президенттің бір палаталы Парламент құру туралы бастамасы қоғамда кеңінен талқыланды. Өткен жылы Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы құрылып, оның құрамына белгілі заңгерлер, сарапшылар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіргені белгілі. Реформалар жалпыұлттық деңгейде талқыланды. 31 қаңтарда жаңа Конституция жобасы ұсынылды. Конституциялық комиссия отырысына Шымкент қаласынан да өкілдеріміз қатысты. Жалпы, Конституцияның жаңа жобасы еліміздің тұрақтылығына, жарқын болашағына шын мәнінде бағыт-бағдар көрсететін маңызды құжат, – деді қала әкімі.

Іс-шарада Конституциялық комиссия отырысына қатысқан қала мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов баяндама жасап, жұмыс барысында Қазақстанның келешегіне тікелей ықпал ететін аса маңызды талқылаулар болғанын атап өтті.

“Конституция – кез келген мемлекеттің құқықтық іргетасы. Оның дамуы мен стратегиялық бағытын айқындайтын негізгі құжат. Конституциялық реформа елдің саяси жүйесін заман талабына сай жаңғыртуға, мемлекетті басқарудың тиімділігін арттыруға және қоғам мен билік арасында сенімді нығайтуға бағытталған негізгі қадам”, — деді Б.Нарымбетов.

Сондай-ақ, жиында Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бұхарбай Парманов, белгілі заңгерлер баяндама жасап, Конституцияның жаңа редакциясында азаматтардың құқықтарын қорғау, адам капиталын дамыту, Әділетті қоғам идеясын құру бағыттары орнықты қамтылғанына жан-жақты тоқталды.

Басқосу соңында қала әкімі көпшілікке жаңа Конституцияның жобасын ұғынықты етіп, дұрыс насихаттау қажет екенін айтты.

«Шымкент келбеті»

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win