Редакция таңдауы

«Айжамал тәттілері» брендке дейінгі жол

Қазіргі таңда Қазақстанда шағын және орта бизнес ел экономикасының негізгі тіректерінің біріне айналып келеді. 2025 жылдың қорытынды деректеріне сәйкес, шағын және орта бизнес жалпы ішкі өнімнің шамамен 39–40%-ын құрап отыр. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылдармен салыстырғанда айтарлықтай өсіп, шағын кәсіпкерліктің ел экономикасындағы маңызын айқындай түседі.

Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика бюросының ресми мәліметтеріне сәйкес, елімізде тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 2,3 миллионнан асқан. Ал бұл салада 4,5 миллионнан астам адам еңбек етуде. Яғни, еңбекке қабілетті халықтың жартысына жуығы өз табысын дәл осы шағын кәсіп арқылы тауып отыр. Дегенмен, шағын кәсіппен шектелмей, уақыт өте келе ірі цехтар мен танымал брендтерге айналған кәсіп иелері де бар. Солардың бірі – Шымкент қаласындағы «Айжамал тәттілері» бренді.

Бұл бренд 2016–2017 жылдардан бастап нарыққа өз өнімін ұсынып келеді. Кәсіп иесі Айжамал Жанбуршина өз сұхбаттары мен әлеуметтік желідегі жазбаларында бизнесті ешқандай үлкен капиталсыз, үй жағдайында бастағанын айтады. Алғашында ол үйінде торт, бәліш, самса, булочка секілді тәттілерді пісіріп, тек таныстары мен жақындарына сатқан. Кәсіпкер сұхбаттарында бизнестің өсуіне еңбек, тәртіп және клиент сенімі басты рөл атқарғанын жиі атап өтеді.«Ақша кейін келеді, ал сенім мен абыройды бірінші қалыптастыру керек», – дейді ол.

Бүгінде «Айжамал тәттілері» Шымкент қаласында бірнеше филиалы бар, тұрақты түрде жұмыс істеп келе жатқан жергілікті брендке айналды. “Айжамал тәттілері” желісі шамамен жүзден аса адамды тұрақты жұмыспен қамтып,күн сайын мыңдаған  тұтынушыға өнім ұсынады. Кәсіп иесі өндірісті кеңейтіп, брендті әлемдік деңгейге шығаруды мақсат етіп отыр

Жансезім ЖҰМАНАЗАР
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті «Журналистика мамандығының» 2курс студенті

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win